BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дариға Назарбаева мұғалiмдер мен дәрiгерлерге жеке тұрғын үй бағдарламасын әзiрлеудi ұсынды

Бүгiн Сенат депутаты Дариға Назарбаева «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланған отырыста мұғалiмдер мен дәрiгерлерге жеке тұрғын үй бағдарламасын әзiрлеудi ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Мұғалімдер мен дәрігерлер - үлкен азаматтық сектор. Олар бүгінгі күні баспанамен қамтамасыз етілу жағдайы бойынша өте әлжуаз болып отыр. Әзірге ешбір ипотекалық бағдарлама олардың тұрғын үй мәселесін толық көлемде шеше алмай отыр», - деді Дариға Назарбаева Сенатта өткен жиында.

Депутаттың айтуынша, мұғалімдер мен дәрігерлер адами капиталды дамытуда маңызды рөл атқарады. Ал халықтың бұл санатының қазірде қалыс қалып отырған жайы бар.

«Дәрігер мен медбике, мұғалім мен мұғалімнің материалдық тұрғыдағы жағдайы бірдей емес. Отбасы бар мұғалімдер бар, олар бағдарламаға қатыса алады. Мұндай мүмкіндігі жоқ мұғалімдер де бар ғой. Олардың бірлесе баспана алуға болатын отбасы жоқ, тіпті кейбірінің мойнында туған-туысқандары отыр. Оларға қалай көмектесуге болады? Біз оларды мемлекеттік және азаматтық қызметке ұмтылып, өз біліктілігін арттыруға ынталандыруымыз қажет. Сондықтан олар үшін әскери қызметшілер секілді жеке бағдарлама әзірлеуді ұсынамын. Қазір баспана мәселесі - өте өзекті. Жыл сайын тұрғын үй көлемін арттырып жатырмыз, бірақ халық саны да өсіп жатыр. Бұл ретте алдағы жүз жылда баспанаға мұқтаж халықтың бәрін қамтамасыз ете алмаймыз деп қорқамын» - дедi Дариға Назарбаева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер