BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ауыл бизнесiнiң өркендеуiне делдалдар кедергi келтiрiп отыр - депутат

Фото: ашық дереккөзден

Елiмiзде ауыл бизнесiне әдiл сауда жасауға делдалдар жол бермей отыр. Мәжiлiс депутаты Владимир Божко Үкiмет сағатында осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Сауда туралы» заңға өзгерiстер енгiзуге уақыт келдi. Себебi, сауда желiсiнiң делдалдары ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiнен табыстың көп бөлiгiн алып алады. Осылайша, олар ауыл бизнесiне әдiл сауда жасауға жол бермейдi. Еуразиялық экономикалық одақтың Өнеркәсiп және агроөнеркәсiп кешенi жөнiндегi министрi Сергей Сидорскийдiң айтуынша, одаққа мүше елдерде халықты жемiс-жидекпен қамтамасыз ету мәселесi аса өзектi болып отыр. ЕАЭО-да бұл өнiмдерге сұраныс қазiргi өндiрiс көлемiнен екi есеге артық. Жыл сайын Еуразиялық одаққа 1,5 млн тонна алма мен алмұрт жеткiзiледi. Бұл тұтынушылар қалтасынан 1 млрд доллардан астам қаржыны шығарады. Атап өтсек, бүгiнгi таңда ЕАЭО үшiншi елдерден өз аумағына 30 млрд доллар сомасына ауыл шаруашылығы өнiмдерiн әкеледi. Ал, бұл нарықты бiз өзiмiз пайдалануымыз керек», - дедi Божко «2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ті дамыту бағдарламасына түзетулер енгізу» туралы Үкiмет сағатында.

Депутаттың айтуынша, елiмiзде бау-бақша өсiрудi дамытып, жемiс-жидек плантацияларын ұлғайту керек. Сондай-ақ, жидек өнiмдерiн өңдеу саласын өркендетiп, шырын, джем, тосап пен балалар тағамы өндiрiсiн дамыту қажет.

Атап өтсек, бүгiн Үкiмет сағатында Ауыл шаруашылығы министрi Өмiрзақ Шөкеев елiмiздi ауыл шаруашылығы өнiмдерiмен қамтамасыз ету мәселесiн көтерген болатын.

«Бiз құс еті, ірімшік, балық және шұжық өнімдері бойынша әлі де импортқа тәуелдіміз. Сонымен қатар, бiз сүт өнімдері, жемістер мен көкөністер бойынша импорттан арылуымыз керек», - дедi Өмiрзақ Шөкеев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер