BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Атамекен» ҰКП бес жылда тиiмдi диалог алаңына айналды – Нығматулин

Фото: ашық дереккөзден

«Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасы бес жылда тиiмдi диалог алаңына айналды. Бұл туралы Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Бүгiн Мәжiлiс депутаттары «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының басшылығымен кездестi. Жиында палатаның 5 жылдағы қызметiнiң қорытындысы талқыланды.

«Бүгiн бiз «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасының 5 жылдығына арналған жиын өткiзiп отырмыз. Баршаңыз жақсы бiлесiздер осыдан 5 жыл бұрын бiз кәсiпкерлiктi нығайту үшiн өте маңызды заң жобасын қабылдадық. Оған Мәжiлiс депутаттары, Мәжiлiстiң барлық фракциялары қатысты, үлкен үлес қосты. Әрине, оңай болған жоқ. Себебi, осы ұлттық палатаның маңызын түсiнбегендер де болды. Шынын айту керек, оған сенбегендер де болды. Бiрақ, осы 5 жылдың iшiнде нәтиже өте жақсы болғаннан кейiн бүгiн бүкiл қазақстандықтар атқарылған жұмыстарды жақсы бiледi. Бұл iстер халыққа ақпарат арқылы жеткiзiлiп отыр», - дедi Нығматулин.

Мәжiлiс төрағасының айтуынша, палата көздеген мақсатына жеттi. Ол тек ел iшiнде жетiстiктерге жетiп отырған жоқ. Қазiргi таңда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оны халықаралық деңгейге шығарып отыр.

«Палата бiрiншi кезекте тиiмдi диалог алаңы ретiнде дiттегенiне жеттi. Сондай-ақ, тиiмдi сарапшылық алаң ретiнде танылды. Әрине, бұндай деңгейге жету - палатаның үлкен, жүйелi жұмысының нәтижесi», - дедi Нұрлан Нығматулин.

Мәжiлiс төрағасы депутаттардың атынан «Атамекен» басшылығын, барлық қазақстандық кәсiпкерлердi палата қызметiнiң 5 жылдығымен құттықтады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер