BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АШМ-нің ақпараттық жүйесі «Азаматтарға арналған үкіметке» беріледі – министр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев жылжымайтын мүлікті уақытында тіркемегені үшін әкімшілік жауапкершілік алып тасталатынын да атап өтті.

«Бүгінгі таңда жүргізілген реформа — бұл қолданыстағы екі кадастрды біріктіру арқылы Бірыңғай кадастрды құруға жасалған алғашқы қадам. Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда жылжымайтын мүлік саласында қазір екі кадастр бар. Бұл – жер учаскелерін есепке алу кадастры және құқықтық кадастр. Шоғырландыру, жер учаскелері мен тіркелген құқықтар туралы бірыңғай өзекті ақпаратты қалыптастыруға, сондай-ақ бизнес-процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді», - деді Бекетаев Мәжіліс үйінде өтіп жатқан жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы жиында.

Оның айтуынша, Әділет министрлігі өзінің ақпараттық жүйесін Мемлекеттік корпорацияға (Азаматтарға арналған үкімет-автор ескерт.) сенімгерлік басқаруға берді.

«Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық жүйесін беру мәселесі пысықталуда. Одан кейін, Мемлекеттік корпорация екі жүйені техникалық біріктіруге кіріседі. Келесі мәселе — бұл жылжымайтын мүлікті уақытында тіркемегені үшін әкімшілік жауаптылықты алып тастау. Бұл норма 2007 жылы салықтық әкімшілендіру және халықты жылжымайтын мүлікке өз құқықтарын тіркеуге мәжбүрлеу мақсатында енгізілді», - деді Марат Бекетаев.

Министрдің айтуынша, өз кезегінде, мемлекет мүлікті заңдастыру бойынша екі акция өткізді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін оңтайландыру жөнінде шаралар қабылданды.

«Нәтижесінде, соңғы жылдары осы құрам бойынша аздаған әкімшілік іс қозғалғандығы байқалады. Осыған орай, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін өткізіп алғандығы үшін әкімшілік жауаптылықты алып тастау туралы мәселені қарау ұсынылады. (...) Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан Орталық Азия өңірінде бизнес жүргізу үшін ең қолайлы ел болып табылатынын атап өткім келеді», - деді Бекетаев.

Ведомство басшысының мәліметінше, соңғы төрт жыл ішінде Қазақстан Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» жыл сайынғы зерттеуінің «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша озық жиырма елдің қатарына кіреді (18-орын «DB-2019»).

«Бұл ретте, 2018 жылғы реформалар Дүниежүзілік Банктің 2019 жылға арналған есебін қалыптастыру кезінде есепке алынған жоқ. Келесі есепте олар назарға алынады деп үміттенеміз. Бірақ, бұл ең басты мақсат емес. Бірінші кезекте, іске асырылған шаралар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, халықтың қаржы және уақыт шығындарын төмендетуге бағытталған. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметін жетілдіру бойынша жұмыс әрі қарай жалғасады», - деп түйіндеді Марат Бекетаев.

Бұған дейін министр жыл сайын елімізде жылжымайтын мүлікке 1 млн 700 мыңнан астам құқық тіркелетінін айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер