BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әкімдіктер су тасқынынан зардап шеккендерге қажетті шараларды дұрыс көрсетпейді – депутат

Фото: интернеттен

Парламент Мәжілісі депутаты Нұртай Сабильянов Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған сауалында әкімдіктердің Шығыс Қазақстан облысында болған табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу шаралары дұрыс атқарылмай отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, «Азаматтық қорғау туралы» ҚР заңында және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу қағидаларды, мүлікке келтірілген зиянды өтеуде төлемді жүзеге асыруды қарастырады. Дегенмен депутат көктемде ШҚО-да болған табиғи апат салдарынан зардап шеккендер алуы тиіс шарттар көрсетілмей отырғанын атап өтті.

«ШҚО-дағы Аягөз ауданының әкімдгі зардап шекендерге келтірілген зиянды өтеуге ақшалай төлемдер жасамаған, ал Семей қаласының әкімдігі бастапқыда жылжымайтын мүлік объектісіне келтірілген зиянды өтеу үшін су тасқынынан зардап шеккен әрбір тұрғынмен өтемақы төлеу туралы шарт жасап, содан кейін бұл төлемнен бас тартқан. Аягөз қаласында су басқан тұрғын үйлерді техникалық қарау және су тасқынынан зардап шеккендердің мүліктеріне келтірілген зиянды бағалау заңнама талаптарына сәйкес жүргізілмеген. Зардап шеккендерге дөрекілік те көрсетілуде», - деп бастады сауалын Сабильянов.

Мәжілісменнің айтуынша, табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендердің үйлеріне жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары тәртібі айқындалмаған.

«Сондықтан жергілікті атқарушы органдар зардап шеккендермен тиісті шартты жасамай, жауапкершілікті және жұмыстың сапасына кепілдікті қарастырмай, тұрғындардың үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бұл зардап шеккендерің үйлерінің сапасыз жөнделуіне алып келген», - деді ол.

Депутат 2018 жылы маусымда ҚР Үкіметі қаулысында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге қайталама нарықта тұрғын үй сатып алу қарастырылғанын еске сала кетті. Бірақ мұндай тұрғын үйді сатып алуда үйдің бір шаршы метрінің бағасын есептеу тәртібі мен үйдің салынған жылы, техникалық жағдайы, үйді таңдау талаптарын көздейтін қағидалар болмағандықтан жергілікті атқарушы органдар осыдан 35-40 жыл бұрын салынған ескі үйлерді сатып алатынын айтты. Үй құнына байланысты мәселелер туындап отырғанын жасырмады. Аталған мәселелердің барлығы зардап шеккен ШҚО тұрғындарының хаттарында көрстілген.

«Бақытжан Әбдірұлы, жоғарыда айтылғандар негізінен бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында «Азаматтық қорғау туралы» ҚР заңында және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу қағидаларының орындалауы мәселесін қарастыруды, екінші табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтардың үйлеріне жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және қайталама нарықта тұрғын үйді мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алу қағидаларын әзірлеу мен бекіту мәселелерін қарастыруды сұраймын», - деп сөзін түйіндеді депутат.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер