Айыппұлды азайтсақ, жол полициясына пара беруден құтыламыз - заңгер - Парламент|07 Қыркүйек 2016, 16:06
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Айыппұлды азайтсақ, жол полициясына пара беруден құтыламыз - заңгер

Фото: kolesa.kz

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жол жүрiсi туралы» ҚР Заңына өзгерiстер енгiзу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Мұxтар Тінікеев жол қатынасы саласындағы кейбір құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлдың көлемін азайтуды ұсынды. Заңгер Сергей Уткин осы бастаманы толығымен қолдайтынын жеткізді. Себебі айыппұлдың көлемін азайтса, пара берудің қажеттілігі туындамайды, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мен талай адамдармен кездестім. Бәрі бірдей жол жүру ережелерін бұзған жағдайда жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне пара беріп, құтылуға тырысатындарын жеткізген. Сонда беретіндері 1000-2000 теңге. Әлбетте, қазіргі заңнамаға сәйкес ең төменгі айыппұлдың көлемі 5 айлық есептік көрсеткішті, яғни 10 000 теңгені құрайтынын ескерсек, көлік жүргізушілері үшін сол 1000-2000 теңгені бере салған тиімді болып тұр. Бүгін айыппұлды 3 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендетуді ұсынып отыр. Ол - 6000 теңге. Ашығын айту керек, бүгінде көлік жүргізушілерінің 50 пайызы үшін 6 мың теңге аз ақша емес. Меніңше, айыппұлдың көлемін азайтқан дұрыс. Егер оның көлемі қазіргі параның деңгейінде болса, жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне ақша берудің өзі тиімсіз болып қалады. Ол ақша ашық әрі ресми түрде бюджетке түсетін болады»,-дейді С.Уткин.

Сондай-ақ белгілі заңгер барлық көлік жүргізушілері үшін бейнебақылау құралдарын орнату шартын енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, осы шараның арқасында республикадағы қылмыстық аxуалды бақылап, жол қатынасы саласындағы тәртіпті орнатуға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер