BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2019 жылы бюджеттің 45 пайызы əлеуметтік салаға бөлінеді

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мəжілісте ҚР Қаржы министрі Əлихан Смайылов «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасын таныстырды. Депутаттар Заң жобасын мақұлдады.

"Жалпы алғанда, республикалық бюджет кірістері, трансферттерді есепке алмағанда, 3 жылдық кезеңде: 2019 жылы – 6,8 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 10,6 пайызды; 2020 жылы - 7,4 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 10,7 пайызды; 2021 жылы – 8 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 10,8 пайызды құрайды", - деді Смайылов.

Министрдің айтуынша, 2019 жылы республикалық бюджет шығыстары биылғы жылдың жоспарынан 11%-ға өсіп, 10,7 трлн теңгені құрайды (2020 ж. – 11,1 трлн теңге, 2021 ж. – 11,4 трлн теңге).

"Əлеуметтік блоктың шығыстары 2025 жылға дейінгі даму стратегиясының жаңа адами капиталын құрудың жүйелі реформасына толығымен байланысты және үш жылдық кезеңде 15,7 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 2019 жылы - 4,8 трлн теңгені немесе шығыстардың жалпы көлемінен 45 пайызды, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 49,1 пайызды құрайды", - деді Смайылов.

Министрдің айтуынша, Президенттің Жолдауын іске асыру үшін әлеуметтік блоктың шығыстары 107,0 млрд теңгеге ұлғайтылды, ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеге дейін көтерумен, үш жылда мектептерді салу көлемдерін 50 млрд теңгеге ұлғайтумен, сондай-ақ мектеп психологтарының жұмысын күшейту қажеттілігімен байланысты.

"Жалпы алғанда, Мемлекет басшының жолдауларын және 5 әлеуметтік бастамасын іске асыру үшін республикалық бюджет жобасында үш жылдық кезеңге 2,4 трлн теңге көзделді. Оның ішінде 2019 жылы – 817 млрд теңге", - деді Əлихан Смайылов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер