2015 жылдан бері өрттен 1,5 мыңға жуық адам қаза тапты – ІІМ - Парламент|12 Қараша 2018, 11:01
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2015 жылдан бері өрттен 1,5 мыңға жуық адам қаза тапты – ІІМ

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов елімізде жыл сайын 15 мыңнан астам өрт тіркелетінін айтты.

«Елімізде жалпы өрт мәселесі күрделі жағдайда. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің, жергілікті атқарушы қызметтің және жергілікті атқарушы органдардың қабылдап жатқан шаралары айтарлықтай нәтиже бермей отыр. Соңғы жылдары елімізде жыл сайын 15 мыңнан астам өрт тіркелді. 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін өрттен 3319 адам зардап шекті, оның ішінде 1410 адам қайтыс болды. Тікелей өрттен келген материалдық залал 12 млрд теңгені құрады. Ең көп өрт саны Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында тіркелген», - деді Қалмұханбет Қасымов Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, тәжірибеге сай, өртке қарсы қызметтің бақылауындағы нысандарында өрт қаупі біршама төмен. Олардағы өрт саны елімізде болған барлық өрт оқиғаларының 10 пайызынан аспайды. Өрттердің басым көпшілігі мемлекеттік өрт бақылауы жоқ салаларда орын алады. Бұлар – тұрғын үй секторы, транспорт, сондай-ақ, орман және дала өрттері.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер