BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ТЖД ескертеді

Астана, BAQ.KZ. Отшашуларды, салюттердi, тағы да басқа пиротехникалық өнiмдердi тек арнайы дүкендерден сатып алыңыздар, оларды қолдан немесе базардан сатып алуға болмайды, себебi ол жерлерде сатылатын пиротехникалық өнiмдер заңсыз әкелінген болуы мүмкiн.

Отшашулар мен салюттердi тұрғынүйлердiң немесе тез жанғыш заттардың қасында 20 метрден жақын жерде, төмен бастырмалар мен өсiп тұрған ағаштардың астында қолдануға болмайды. Отшашуларды жаққан кезде бiлтесiн бетке жақын ұстауға болмайды.

"Отшашудың бiлтесiн созылған қол қашықтығында жағу керек. Ол 6-8 секунд жанады. Отшашудан ұшқан ұшқындарын өшiру қиын, сондықтан егер ол қолға тисе - мiндеттi түрде тері күйiп қалады. Ракеталар мен отшашуларды адамдарға қарай атуға болмайды. Ракета - бұл қауiптiлiгi жоғары пиротехникалық бұйым. Кейде қардың үстіне орнатылған ракета бiр жағына ауып кетiп, бағытын өзгертіп, адамдарға қарай ұшуы мүмкін. Сондықтан ракета сияқты пиротехникалық өнiмдердi қолданғанда, олардың іске қосатын түтiктерiнiң жерге нық орнатылуын байқау қажет" - дейді мамандар.

Отшашулар мен салюттердi қатты жел кезiнде қолдануға болмайды. Балаларға пиротехникалық заттармен ойнауға тыйым салу керек. Пиротехникалық заттар - бұл балалардың ойыншығы емес! Пиротехникалық заттарды аяқтың астына құлатып алуға немесе әдейі тастауға мүлдем болмайды.

Отшашуды (бенгалдық шамдар мен шартылдақтардан басқа) қолда ұстап тұрып жағуға болмайды.

"Жағылған салюттер мен отшашуларға олардың қолдану әдісінде көрсетілген қашықтықтан жақындауға болмайды. Пиротехникалық заттарды қалтаға салып жүруге болмайды. Отшашудың үстіне еңкеюге болмайды. Әрбiр пиротехникалық бұйымда оның қолдану әдiсi туралы нұсқаулық жазылады. Сол нұсқаулықты мұқият оқып шығу үшiн бiр-екi минут уақытыңызды бөліңіз. Бұл Сiздi пиротехникалық затты қолданғанда қате іс-қимылдан сақтайды" - дейді ТЖД қызметкерлері.

Пиротехникалық заттар әуелден адамдарға жақсы көніл-күй сыйлауға арналған. Отшашулар, салюттер және басқа да пиротехникалықөнiмдер бұрыннан мерекелiк тамаша әсер алу үшiн қолданылады.

"Алайда жауапкершiлiксiз олақ қолдарда ең қарапайым зiлсiз заттың өзi өте қауiптi болуы мумкін. Есте сақтаңыздар! Пиротехникалық заттарды қолданған кезде кездейсоқ бақытсыз жағдайлардың көбi жауапкершiлiксiздiктiң салдарынан болады. Өздерiңiздi, жақындарыңыз бен айналадағы адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтаңыздар!" - дейді мамандар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер