Целлюлиттен қалай құтыламыз? - Пайдалы кеңес|10 Мамыр 2015, 15:02
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Целлюлиттен қалай құтыламыз?

Астана. 10 мамыр. BAQ.kz – Дүниеге ұрпақ әкелу – әйел өміріндегі ең сәулелі құбылыс. Алайда, көп келіншектердің жүкті кезінде ішінің, төсінің терісі созылып, тіпті кейбірінде жыртылып жатады. Қыз-келіншектерімізді толғандыратын мәселелерінің бірі -  целлюлит. Ал, одан құтылу оңай емес.  

Сондықтан целлюлитпен үнемі күресуге тура келеді. Егер сымбатыңызды түзегіңіз келсе, онымен қалай күресудің жолын білгеніңіз жөн. Бүгінде целлюлитке қарсы түрлі косметикалық өнімдер шығарылуда. Оларды дұрыс пайдалана білсеңіз, аталған мәселені оңай шешуге болады.

Целлюлитке қарсы крем мен гельдер

Дене шынықтыру жаттығуларынан кейін жағатын крем, гельдерді тиімді пайдалана білу қажет. Жақпа майларды дұрыс пайдаланған кезде ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.

Мықындағы артық майлардан арылғыңыз келсе, массаж жасаңыз. Құтының басында массаждық жұмсақтығы бар гельді жақсаңыз тез арықтайсыз. Оны жаттығу жасағаннан кейін мықындағы майлардың үстінен массаж жасай отырып жағады. Егер массажды осылай жасай берсеңіз 15 күннен кейін мықындағы майлардың 1 см арықтағанын аңдайсыз.

Бұған қоса арнайы сықпа гель де жақсы нәтиже береді. Бұндай гельді де дене шынықтыру жаттығуын жасағаннан кейін жағады. Оны артық майлардың үстінен жақса, тез әсер етеді. Яғни 4 аптаның ішінде арықтағаныңызды байқайсыз. Сонымен қатар ол целлюлиттің қайта пайда болуынан сақтайды.

Сондай-ақ құрамында теңіз балдырлары бар гель мен кремдер де артық майлардың пайда болуына жол бермейді. Осындай гельдерді үнемі пайдаланып жүру целлюлитіңізді кетіріп қана қоймай, сымбатыңызды арттыра түседі. Әрі терінің жастық қалпын сақтайды. Теңіз балдырлары қосылған гельді үнемі жағып, әрі массаж жасап жүрсеңіз, нәтижесін төрт аптадан кейін көресіз. Бұған қоса шарикті және массаж жұмсақтығы бар гельдер де өте пайдалы. Бұндай гельдерді жаққаннан кейін тері жұмсарып, жылтырай түседі.

Сондай-ақ қарындағы артық майларды кетіру үшін де пайдаланатын гельдер бар. Алайда оны дұрыс жаға білу керек. Егер үздіксіз жағып жүрсеңіз, үш аптадан кейін қарындағы артық майлардан құтылып қана қоймай, теріңіздің тегістелгенін байқайсыз. Алайда бұндай гельдерді сатып алғанда алдымен сапасына мән берген жөн. Сапалы гель сымбатыңыздың түзелуіне септігін тигізеді.

 

Дана Сағынбек

Табиғи жолмен күрес

1. Күнделікті ас мәзірін қадағалап майлы және тәтті тағамдар жемеуге тырысыңыз.
Е және С дәрумендері мол тағамдарды жеуді әдетке айналдырыңыз.
2. Салауатты емір салтын ұстаныңыз. Таңертең ерте тұрып, спортпен шұғылданып, жиі велосипед тебуге тырысыңыз. Беліңіз бен аяғыңыз көп қозғалатын жаттығулар жасауға әуестеніңіз. Ерінбей осыларды қолға алсаңыз денедегі артық майлардың кете бастағанын аңғарасыз.
3. Күнде целлюлитке қарсы кремдерді жағына отырып, өзіңізге-езіңіз массаж жасаңыз. Оны күнде қайталаудан жалықпа. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер