Темекіні тастауға балықтың иісі көмектеседі - Пайдалы кеңес|29 Сәуір 2015, 20:54
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Темекіні тастауға балықтың иісі көмектеседі

Астана. 29 сәуір. Baq.kz – Адамның темекіні тастауына оның ұйықтап жатқан сәтінде де көметкесуге болады дейді Израильдің ғалымдары. 

Израильдік дәрігерлер жағымсыз қылықтармен күресудің жаңа тәсілдерін тапқандығын айтып отыр. Адамның түнгі ұйқысы кезінде бөлмеге жағымсыз иіс жіберу арқылы жаман әдеттерден тыюға болады дейді олар.

Бұл ретте дәрігерлер адамдардың бойындағы шартты рефлекстерді пайдаланыпты. Олардың көмегімен адамның еркінен тыс әдеттерін тастатуға болатын көрінеді. Ал, жағымсыз иістерді пайдалану тіпті бұл процесті тездетеді.

Израильдегі Вайцман атындағы университетте жүргізілген зерттеуге барлығы 66 адам қатысқан. Олардың барлығы да темекіні тастағысы келетіндер. Ешқайсысы бұған дейін ешқандай емдік тәсіл пайдаланып көрмепті. Зерттеуге қатысушылардың тең жартысы зертхана бөлмесіне қамалып, сонда ұйықтаған. Түнде олардың бөлмесіне жағымсыз иістер жіберілген. Ал, таңертең тұрған кезде олар түндегі жайттардан хабарсыз екендіктерін айтқан және темекіні әдеттегіден аз тарта бастапты.

Ғалымдар зертхана бөлмесіне түнгі ұйқы кезінде ашыған жұмыртқа мен тұрып қалған балықты кіргізіп қойғандығын мәлімдеді. Іште жатқан адамдардың басым бөлігі келесі күні-ақ темекіден жиіркенетіндерін айтқан.

Еврей ғалымдары бұл құбылысты өздерінше түсіндіріп отыр. Айтуларынша, адам миы ұйқы кезінде ақпаратты жақсы сіңіріп, темекі иісінің өте жағымсыз екенін есте сақтап қалған. Зерттеушілердің жетекшісі Анат Арци болса болашақта бұл тәсілді тек темекімен күресте емес, қылмыскерлерді тәрбиелеуде де пайдаланатынын айтып отыр. 

 

Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер