Сүйіктіңізбен ренжісіп қалғанда не істеу керек? - Пайдалы кеңес|27 Ақпан 2017, 20:15
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сүйіктіңізбен ренжісіп қалғанда не істеу керек?

Махаббатың бастамасы тәтті сөздермен басталып, әдемі сезімдерге ұласады. Шын махаббатта ұрыс та, реніш те болады. Ал соңына дейін күресіп бағып, шыдамдылық таныту нағыз ерлік болып саналады.

Ер азаматтардың көпшілігі әйел адамдарға көп көңіл бөлмесе, әйел заты тез ренжіп қалады. Ер азаматтың кемшілігі де осы да болып тұр. Реніштің түрлері де көп, қызғаныштан туындауы да мүмкін, әсіресе мереке күндері ер азаматынан жақсы сыйлықтар күтеді. Отбасылық өмірдің де қиындықтары түрлі реніштерге апарады. Шын сүйіп қосылған жұбайлар бар қиындыққа шыдауы керек. Ренішті де, қайғыны да ұмыттыратын махаббат сезімі. Шын махаббат бар қиындықты жеңеді.

Ер азаматыңызға ренжісеңіз төмендегі кеңеске құлақ түріңіздер:

  • Сізді ренжітсе іштегіні айтыңыз,ол да ойлансын, іштей тынып жүру түрлі ауруларға апарады.
  • Қызғанышқа апартын әрекеттер жасамаңыз, осының салдарынан екі жаққа кеткен отбасылар қаншама.
  • Ренжіскен жағдайларыңызда бір-бірлеріңізге адам құлағына түрпідей тиетін сөзден аулақ болыңыз.
  • Ренжісудің негізгі себептерін білмесеңіз шу шығармаңыз.
  • Сізді жақсы көретінін соңғы рет қашан айтты?
  • Татуласу үшін кім бірінші қадам жасайды деп күткенше, өзіңіз де қадам жасаңыз.
  • Еркекке қажетті дүние сіздің үнемі көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болғаны.
  • Қатулы қабағыңызбен ешнәрсе де өзгермейтінін түсініңіз.
  • Сізді ренжіткен жағдайда, сізге қажеті оның құшақтап еркелеткені жетпей тұрған кезде,өзіңізде құшақтап жылы сөз айтыңыз.
  • Жібімейтін жүрек жоқ, тек шынайы болыңыз.
  • Отбасылық өмірдегі реніш басылмайынша жақсы отбасы болу қиын.
  • Сүйіңіз, құшақтаңыз жақсы көріңіз.
  • Ең бастысы махаббаттарыңыз берік болса бәрін де жеңуге болады.
  • Махаббат бәрін де құтқарады.
  • Әрдайым бір-біріңізге көңіл бөліңіздер, бәрінен де көңіл қымбат.
  • Ер азаматыңызға өтірік айтпаңыз.
  • Отбасылық өмірде реніш болмай тұрмайды, тек бәрін бірге жеңу керек. Бір-біріңізге сенім артыңыздар.
  • Жақсы жұптар ренжіспей қоймайды, қайта іңкәр махаббаттары адал болса соңына дейін бірге бола алады.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер