BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Стоматиттен қалай сақтануға болады?

Өзіміз ауырсақ та, баламыз ауырмасын дейтін халықпыз ғой. Бала ауырса, жан ұшырып, уайымға салынамыз. Кішкентайыңыз стоматитпен ауырды ма? Стоматит неліктен пайда болады? Алдын-алу үшін не істеу қажет? Бүгін осы тақырыптағы бірнеше ақпаратқа көз жүгіртейік.

Стоматиттің пайда болу себептері:

* Бала ұйықтап жатқанда ұртын тістеп алуы мүмкін. Нәтижесінде оның орны жараға айналады;

*Қатты ыстық тамақты бірден ауызға салып, күйіп қалған жағдайда;

*Иммунитет әлсіздігі де әсер етеді;

*Тағамнан аллергия болғанда;

*В12 дәруменінің жетіспеушілігінде;

*Стоматит көп жағдайда ауыз қуысының құрғауы салдарынан пайда болады. Мәселен, балаға салқын тиіп ауырғанда жиі жөтеліп, түшкірінгендіктен, тамағы мен ауыз қуысы құрғап кетеді. Сұйықтық өте аз бөлінеді. Сондықтан осы аймақтардың иммунитеті әлсірей бастайды. Салдарынан ауыздың шырышты қабығы қорғаусыз қалады да, онда түскен бактерияларға төтеп бере алмайды. Соның салдарынан ауыз қуысының қабынуын «стоматит» деп атайды. Өкінішке қарай, бұл кішкентай ғана сырқат балаларға да, ересектерге де айтарлықтай жайсыздық әкеледі.

Симптомдары:

*Ұрты күлдіреп, ауызда жағымсыз иіс пайда болады;

*Баланың ұйқысы бұзылады;

*Дұрыс тамақтана алмайды;

*Тынышсызданып, жиі жылайды;

*Қызуы көтеріледі;

*Алғашқы пайда болған 1-2 күнде тілде өте ұсақ көпіршіктер пайда болады. Артынша тілдің көп бөлігі ақшыл тартады;

Стоматиттың үш түрі белгілі: афтозды, герпетикалық, ангулярлы.

Алдын алу тәсілдері:

*Арнайы диета. Жараның асқынуына әкелетін тағамдардан шектеңіз. Мәселен, қышқыл, ащы әрі ыстық тағамдарды ұсынбаңыз. Сонымен қатар, тәтті тағамдарды да қысқартқан жөн.

*Ауыз қуысы гигиенасы. Тазалауға жұмсақ щетканы пайдаланыңыз. Күнделікті жиі-жиі антисептикалық қоспалармен тазартып отыру қажет.

*Үй жағдайында қайнаған суға езілген ас содасымен шаю көмектеседі.

*10 күннің ішінде жара жазылмаса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

ikerim.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер