Шаршау мен ашушаңдықты басатын өнім қандай? - Пайдалы кеңес|31 Шілде 2018, 10:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Шаршау мен ашушаңдықты басатын өнім қандай?

Массачусетс-Лоуэлл университетінің ғалымдары омега-3 қанықпаған май қышқылдарын үнемі пайдалану шаршау мен ашушаңдық деңгейін айтарлықтай басатынын анықтады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу нәтижесіне қарағанда, құрамында көп мөлшерде омега-3 болатын тамақ жеген балалар сабырлы болады. Ата-анасының жүйке жүйесіне де оң әсер етеді.

Мамандардың айтуынша, агрессивті және кейде, тіпті, қылмыстық іс-әрекеттер де биологиялық факторларға байланысты.

«Стресс ашушаңдық пен жылдам ызалануға әкеп соғатын физиологиялық өзгерістерді туғызуы мүмкін», - деп жазады авторлар.

Омега-3 ми жұмысын жандандырып, зейін мен есте сақтауды жақсартады. Ол теңіз өнімдерінде көптеп кездеседі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер