Сарапшылар суға шомылғанда қандай сақтық шараларын сақтау керектігін айтты - Пайдалы кеңес|18 Шілде 2018, 14:56
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сарапшылар суға шомылғанда қандай сақтық шараларын сақтау керектігін айтты

Суға шомылу маусымы кезінде өзіңді қалай сақтандыру қажет. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары айтып береді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аптап ыстық орнап және суға шомылу маусымы басталғалы бері суға, бассейн, ұсақ суайдындар немесе ірі өзендерге баратын демалушылардың ағымы ұлғаяды. Ал мұнымен бірге, суға шомылу орындарында жазатайым оқиғалардың пайда болу қауіп-қатері де өседі.

Суға шомылу маусымында қауіптілік деңгейі жоғары болып отыр. Және ең алдымен, қауіп-қатер тобына балалар кіреді.

"Жаз - бұл бейғам демалыс, бала қуанышы мен ұзақ күткен суға шомылу маусымының уақыты. Барлығымыз ыстық күнді өзен жағалауында өткізгенді ұнатамыз. Алайда, өз қауіпсіздігің мен өз балаларыңның қауіпсіздігі туралы ұмытпаған жөн. Суға бату – бұл көмек туралы айқай деп ойлауға әдеттенгенбіз. Сондықтан да судағы тәртіп қағидаларын сақтау және өзін қоршаған адамдарды да байқап жүру маңызды. Естеріңізде болсын, суда ойнап және шомылып жатқан балалар, егер олар шу-шу еткенін қойған болса, дереу балаға көмек көрсету қажет. Болған жағдай үшін өзіңді өмір бойы кінәлағанша, бір рет қайта сақтанған дұрыс", - дейді мамандар.

Суда уақытыңды өткізе отырып, өзіңді қалай қауіпсіздендіруге болады?

Суға бату жағдайларының алдын алудағы 6 негізгі қағидасы:

  1. Бірінші қағида. Суайдындардан алыс жерлерде мектепке дейінгі жастағы балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету.
  2. Екінші қағида. Суға баратын мүмкіндіктің алдын алатын қоршаулар орнату.
  3. Үшінші қағида. Мектеп жасындағы балаларды (6 жастан үлкен) суда жүзу және судағы қауіпсіз тәртіп машықтарына үйрету.
  4. Төртінші қағида. Су тасқындарымен және басқа да қауіптермен байланысты қауіп-қатерлерді басқару.
  5. Бесінші қағида. Суға бату әлеуетті куәгерлерін қауіпсіз құтқару мен жан сақтау машықтарына үйрету.
  6. Алтыншы қағида. Қайықтарды, кемелер мен паромдарды қауіпсіз пайдалану қағидаларын сақтау.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер