BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сағыздың ерекше пайдасы анықталды

Адам сағызды жүрген кезде шайнаса, ол артық салмақтан арылуға көмектеседі. Мұндай қорытындыны Токиодағы Васэда университетінің ғалымдары жасады. Олардың зерттеуі Journal of Physical Therapy Science журналында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Мамандар 21-69 жас аралығындағы 46 ер адам мен әйелге зерттеу жүргізді. Экспериментке қатысқан бірінші топқа жүрген кезде 15 минут бойы сағыз шайнатты. Ал екінші топқа құрамы сағызбен бірдей ұнтақ берілді.

Ғалымдар екі жағдайда да жүректің қалпын, жүрген қашықтығы мен жұмсалған энергиясын есептеді. Соңында бақылау тобындағыларға қарағанда бірінші топтағылардың жүрек соғу жиілігі екі есе жоғары болған.

«Біздің зерттеулеріміз жүрген кезде сағыз шайнаса, адамдардың, әсіресе егде жастағы ер адамдардың жүру қашықтығын ұлғайтып, көп энергия жұмсауына әкеп соғатынын дәлелдеді», - деп қорытындылады зерттеушілер.

Методологиялық шектеулерге байланысты ғалымдар сағыздың қанша рет шайналғанын анықтай алмады. Олардың пікірінше, алдағы зерттеулерде бұдан да нақтырақ көрсеткіш шығару үшін аталған фактор ескеріледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер