Өмірдің ауыртпалығын көтере аласыз ба? - Пайдалы кеңес|14 Наурыз 2017, 13:52
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Өмірдің ауыртпалығын көтере аласыз ба?

Шәкірт ұстазына келіп: «Ұстаз, шаршадым, өмірім ауырлап кетті, соңғы кезде неше түрлі ауыртпалық пен мәселелер көбейіп кетті, мен үнемі ағысқа қарсы жүзіп келемін, енді бұдан артық шыдай алар емеспін... не істесем екен?» - деп сұрады.

Ұстаз жауап орнына отқа үлкендігі бірдей үш ыдысқа су құйып қойды. Оның біріншісіне сәбіз, екіншісіне жұмыртқа, үшіншісіне кофе ұнтағын салды. Су сәл қайнаған соң ұстаз алғашқы екеуіндегі заттарды суырып алып, ішіндегі қайнаған суды төгіп, оған үшінші ыдыстағы кофеден құйды.

«Не өзгеріс байқадың?»-деп сұрады шәкіртінен.

«Сәбіз бен жұмыртқа пісті, ал кофе ұнтағы еріп кетті,»-деді шәкірті.

«Жоқ,»-деді ұстазы, - бұл әншейін сыртқы көрініс. Міне қара – қатты сәбіз жұмсарды, сұйық, жұмсақ жұмыртқа қатайды. Сырттай ол екеуі еш өзгермеген секілді, бірақ олар қайнақ су секілді жағымсыздықтың арқасында өз құрылыстарын өзгертті. Міне адамдар сол секілді: сырттай мықты деген адамдарың кейбір қиындықтармен мәселелерден әлсіреп кетеді, ал кейбір әлсіз секілді көрінген адамдар керісінше қатайып күшейеді».

«Ал кофе ше?» - деп сұрады шәкірт.

«О! Бұл ең қызығы! Кофе ұнтағы қайнақ суда еріп, оны өзгертіп, оның дәмі де, иісі де әдемі сусынға айналдырды. Сондай бір ерекше адамдар болады, қиын жағдайларда өздері өзгерместен қиын жағдайды өзгертіп басқа пайдалы нәрсеге айналдырып, одан пайда мен білім алады».

Дереккөз: massaget.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2018, 09:37
Жаңа күнім - жаңа бағым
23 Қазан 2018, 18:16
Уақыт, сағат емес...
Пікірлер