Фото: Reuters
Австралиядағы Сидней университетінің ғалымдары баяу жүргенге қарағанда, тез жүру адам өмірін ұзартады деген қорытынды жасады. Мамандардың бұл туралы зерттеу мақаласы British Journal of Sports Medicine журналында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Ғалымдар Англия мен Шотландияның 50 225 тұрғынына 1994-2008 жылдар аралығында жүргізілген тексеруден кейінгі деректерге сараптама жасады. Қатысушылар жүрген кезде қандай жылдамдықпен – баяу орташа немесе тез жүру ұнайтынын айтты. Сонымен қатар, мамандар олардың жасы, жынысы, физикалық белсенділігі және дене салмағын ескерді.
Сонда орташа жылдамдықпен жүру, баяу жүрумен салыстырғанда алдын ала өлімді 20 процентке төмендетті. Ал тез жүргендерде 24 процент азайған. Сондай-ақ, орташа және жылдам жүргендердің жүрек-қан тамыр ауруларынан қайтыс болуы 24 және 21 процент төмендеді.
Серуендеу 60 жастан асқан егде жастағы адамдарға өте тиім болып шықты. Орташа жылдамдықпен жүру жүрек-қан тамыр ауруларынан қайтыс болуды 46 процентке, ал тез жүру 53 процентке қысқартқан.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!