Несиені қалай аламын? - Пайдалы кеңес|19 Сәуір 2013, 17:40
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Несиені қалай аламын?

Астана. 19 сәуір. Baq.kz-Канат деген азамат ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е. Досаевқа сауал салады:
Салеметсіз бе, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 қаулысында тұрғын үй салу үшін несие қаралған. Ол несиені алу үшін қандай құжаттар өткізу керек және үкіметтің қандай қаулысында көрсетілген?

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е. Досаев оған төмендегідей жауап береді:
Салеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiнің (бұдан әрі – Ереже) 6 тармағына сәйкес, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшін Әкiмшiге, яғни аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті органына мынадай құжаттарды тапсыру қажет:
1) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiштi;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесiн;
4) азаматтарды тiркеу кiтабының (үй кiтабының) немесе тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын анықтаманың көшiрмесiн;
5) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесiн;
6) салық төлеушiнi тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
7) әлеуметтiк жеке кодты беру туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
8) жылжымайтын мүліктің бағалау актісін (бюджеттік кредит алу үшін);
9) тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына актіні.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.
Осы Ережеде көзделмеген басқа да құжаттар берудi талап етуге жол берiлмейдi.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер