Министрге өлеңмен сұрақ қойыпты - Пайдалы кеңес|15 Мамыр 2013, 16:34
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Министрге өлеңмен сұрақ қойыпты


Астана. 15 мамыр. Baq.kz-Тұрсынбек атты жігіт ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевке өлеңмен сұрақ қойыпты:
«Тоз-тоз болған шіркін-ай, қазағымның жолдары,
Министрлік қайда екен, үкімет неге қарамайд?
Бурылбайтал-Меркінің арасында қара жол,
Шұқанақтан көз ашпай, жүргізуші қыйналған.

Сол қара жол үшін де бөлінген ғой қаражат,
Желге ұшып жоқ болып, қағазда саны қалды ма?
«Жөнделді» деп бұл жолды, ақпаратты берді ме?
Міне, осындай біздің ел өтірік айтқан басшысы.

Жол апаты бұл жерде жиі-жиі боп тұрған,
Ішкі істерде ақпарат ол туралы айтылған.
Қаншама жан баласы көз жұмғанын кім білсін?
Артында қалды ел-жұрты, бала-шаға зар илеп.

Беу, елімнің басшысы, амал жаса бұл жайтқа,
Шешуінде шешіп бер, жолын жөндет турала.
Қашанғы қазақ зар илеп, азап шегер жолдардан,
Нүктесін қойғын сауалға өлеңдетіп жеткізген».

ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев өлеңмен қойылған сұраққа төмендегідей жауап берген:
Құрметті Тұрсынбек!
Қазақстан Республикасында Көлік инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес Алматы –Астана-Петропавл автомобиль жолының «Курты - Бурылбайтал» учаскесі және «Бурылбайтал - Мерке» автомобиль жолының қайта жаңарту жұмыстарын 2013 жылдан бастау көзделген болатын. Бірақ аталған жолдардың қайта жаңарту жұмыстары Көлік және коммуникация министрлігінің 2013-2015 жылдарға бекітілген бюджетінде қаралмағандығын атап өту керек.
Сонымен қатар, Министрліктің 2014-2016 жылдарға әзірленген бюджеттік өтінімі жобасында аталған жолдардың қайта жаңарту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаларын 2014 жылы аяқтау, ал 2015 жылдан қайта жаңартуды бастау қарастырылған.
Қайта жаңарту жұмыстары жүргізілгенге дейін аталған жолдардың техникалық жай-күйі мезгілдік жөндеу жұмыстарын жүргізу есебінен күтіп ұсталатын болады.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер