Мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға бола ма? - Пайдалы кеңес|15 Мамыр 2013, 17:29
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға бола ма?


Астана. 15 мамыр. Baq.kz-Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығы бойынша соңғы курс студенті Гүлнұр Хуат есімді қыз бала ҚР Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұловқа өтініш айтыпты: «Осы уақытқа дейін оқу үздігімін. 2012 ж - Республикалық пән олимпиадасынан 3- орын алдым, 2012ж -Халықаралық «Шабыт» фестивальіне қатыстым, оқу орнында қоғамдық жұмыстарға белсендімін. Сізден өтінерім, мен «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан 89 бал алып, үздік бағаға 1 бал жетпей қалды. Қайта тапсыруға рұқсат беріңізші... Басқа пәндердің бәрінен үздік баға. Мен үшін «Қызыл диплом» өте маңызды. Болашақта білікті ұстаз болғым келеді. Өтінемін өнерді бағалаңызшы».


ҚР Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов төмендегідей жауап берген: Құрметті Гүлнұр!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген, Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіннің 86 тармағына сәйкес, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған соң, бағаны көтеру үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер