Күнжiт майының пайдалы қасиеттерi - Пайдалы кеңес|11 Мамыр 2015, 16:05
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Күнжiт майының пайдалы қасиеттерi

Астана. 11 мамыр. Baq.kz – Көптеген пайдалы қасиеттерiне ие болатын күнжiт майы халық медицинасында, үй косметологиясы және парфюмериялық өнідірсте кеңінен қолданылады. 

Ас қорыту жүйесi үшiн күнжiт майының пайдасы. Күнжіт майы іш қатуының, қышқылдығы жоғары гастриттің, гастродуодениттің, асқазанның және аш iшек ойық жарасының, шаншу, энтероколит, асқазан асты бездiң аурулары, гельминтоз ауруларының алдын алуда қолданылуы мүмкін. Майдың асқазан сөлінің жоғарғы қышқылдығын реттеу, iшек түйнектерiн жеңiлдетiп, қабынуға қарсы, бактерицидтік, аздап iш айдау және ішек құртты шығару әсерін беретін қасиеттері бар.

Құрамында «жараны жазатын» А және Е дәрумендері, скваленнің бар болуына орай күнжiт майы iшек жолдары шырышты қабықтарының эрозиялық- ойық жара зақымдалуын жоюға мүмкiндiк туғызады. Өтті қалыптастыру мен өтті шығару үдерістерін қоздыратын, бауырдың қалыпты құрылымын қалпына келтіретін және фосфолипидтер мен фитостеролдардың жоғары көлеміне орай күнжіт майын өт кабына тас байлану ауруының алдын алу үшін тамақтану тәртібіне енгізіп, бауырдың май дистрофиясы, өт жолдарының дискенезиясы, гепатит сияқты аурулардың алдын алу үшін қолдануға болады.

Күнжiт майы – жүрек пен қан тамырлары денсаулығы үшiн. Күнжiт майында жүрек бұлшық етін шынықтыратын, нәрлендіретін, «жаман» холестериннің деңгейін төмендететін, артериалды қысым деңгейін қалпына келтіретін заттар кешені бар.Осыған байланысты күнжiт майын күнделікті асқа енгізу – атеросклероз, гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, аритмия, тахикардия, инфаркт, инсульт сияқты аурулардың тиімді түрде алдын алу және оларды кешендік емдеудің пайдалы құрағышы. Бұған қоса, қан құрамында тромбоциттер көлемін арттыруға көмектесетін күнжіт майын жүйелі түрде қолдану, геморрагиялық диатездер және гемофилия сияқты аурулармен ауыратын адамдар үшін пайдалы болады.

Күнжiт майының жүйке жүйесіне әсері. Ой еңбегінің адамдары үшін өте пайдалы өнім. Күнжiт майы жүйке жүйесiнiң толыққұнды жұмысы, және, жеке алғанда, - бас миының қалыпты және үйлесімді қызметі үшін қажеттi заттарға өте бай (мұндай заттарға фосфолипидтер, ауыстырылмайтын аминқышқылдары, мырыш, фосфор, В тобының дәрумендері жатады). Сондықтан осы жоғары тағамдық және энергетикалық құныдылққа ие болған өсімдік өнімін қарқынды ойлау жүктелулерінде, жиі күйзелістерде, есте сақтау қабілеті нашарлағанда тамақтанудың күнделікті тәртібінде қолдану пайдалы болады. Омега-9 олеин қышқылына бай күнжіт майын жүйелі түрде тағамға қолдану таралған склероз және Альцгеймер ауруы сияқты қауіпті аурулардың тиімді алдын алу болып табылады.

Күнжiт майы - өте жақсы антидепрессант. Құрамында магнийдiң, B тобының дәрумендері, полиқанықпаған қышқылдар және сезамолин антиоксидантының көлемі жоғары болғанына орай күнжiт майы жүйке жүйесiн жұбатады, оны күйзелістердің жағымсыз ықпалынан қорғайды. Күнжiт майын асқа жүйелi қолдану ұйқысыздық, бейжайлық, жабығу, ашушаңдық және шаршағандықты жою мүмкiндiгін туғызады. Күнжiт майын қолдануымен массаж жасау бет пен дененiң бұлшық еттерiн жағымды босаңсуына көмектеседі.

Күнжiт майының әйел денсаулығы үшiн пайдасы. Күнжiт майы әйелдердің эндокринді және жыныс жүйесiнiң функцияларына жағымды әсер ететін заттар құрамы бойынша тиімді теңгерімделген . Сондықтан күнжiт майын жүйелi түрде қолдану етеккiр алдында немесе климакстық кезеңді физиологиялық және психоэмоциялық жайсыздықты сезінетін әйелдерге елеулi пайдасын әкеле алады. 

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер