Күн көзінен қорғайтын крем теріні қорғап қана қоймайды... - Пайдалы кеңес|20 Сәуір 2015, 18:24
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Күн көзінен қорғайтын крем теріні қорғап қана қоймайды...

Астана. 20 сәуір. Baq.kz – Адам терісі өте жұқа және әрдайым қорғауды қажет етені материя екенін білеміз. Сондықтан оған жаздыгүні күн көзінен қорғайтын крем жағып, қыста барынша жылы ұстаймыз. Дегенмен, сол денеге жағатын кремнің тек пайдасы емес, зияны да бар екенін көпшілік біле бермейді. Бұл тұрғыда зерттеу жүргізген австралиялық ғалымдар күн көзінен сақтайтын кремнің теріні ерте қартайтынын дәлелдедік деп мәлімдеп отыр. 

5 жылға созылған зерттеу жұмысына барлығы 900-ден астам адам қатысқан. Ғалымдар оларды екі топқа бөліп зерттеді. Қатысушылардың бір жағы кремді арнайы нұсқаулық бойынша қолданса, екінші тарап, өз қалауларынша денелеріне жаққан. Зерттеу нәтижесі микротопографиялық құралдың көмегімен анықталды. Қатысушыларды жеке-жеке тексеріп шыққан ғалымдар мынадай нәтижеге келіп отыр: аталған кремді денесіне күнделікті жаққан адамның терісі 24 пайызға тез қартаяды.

«Ұзаққа созылған зерттеу жұмысымыздың нәтижесі шыққанына қуаныштымыз. Күнделікті қолданған бұл крем адамның терісін тез қартайтып қана қоймай, сонымен қатар, ол тері обырына әкеліп соғуы да әбден мүмкін» дейді Квинсленд институның докторы Адель Грин.

Ғалымның айтуынша, күн сәулесінен көбіне кішкентай балалар көп зардап шегіп жатады. Терісін жас кезінен зақымдаған балаларда терінің қатерлі ісік ауруына шалдығу ықтималдығы бес есеге дейін артады. Сол себептен, жас сәбиді күннің астында қорғанышсыз қалдыруға болмайды. 

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер