BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көзілдірік таңдауда қиналатын адамдарға пайдалы кеңес

Күннен қорғайтын көзілдірік – ең қажетті, маңызды зат. Егер дұрыс таңдай алсаңыз, ол сіздің сырт келбетіңізді одан әрі құлпырта түседі.

Шаршы бұрышты бет пішіміне арналған күннен қорғайтын көзілдірік.

Егер сіздің бетіңіз шаршы пішіндес болса, онда өзіңізге дөңгелек пішіндегі көзілдірік алыңыз. Көзілдіріктің ондай түрі сіздің бет-әлпетіңізбен үйлесім тауып, жақ сүйегіңіз бен иек аймағын нәзік етіп көрсетеді. Бұл ретте шаршы немесе төртбұрышты көзілдіріктер тақпаңыз.

Домалақ бетке арналған көзілдірік.

Ал домалақ бет пішіні үшін шаршы стиліндегі көзілдіріктер ыңғайлы. Көзілдіріктің жиектемесі беттің томпақтығын білдірмей, кемшілігін жаба алады. Бірақ, ешқандай жағдайда XXL өлшеміндегі көзілдіріктерге көзіңіз түспесін. Олар сіздің жарты бетіңізді тұтастай жауып қалады.

Үшбұрышты бетке арналған көзілдірік.

Үшбұрышты немесе жүрек пішініндегі бетке «көбелек» стиліндегі көзілдіріктер жараса кетеді.

Төртбұрыш пішініндегі бетке арналған көзілдірік.

Егер бетіңіз төртбұрыш пішіндес болса онда таңдау еркіңізді домалақ, 70-ші жылдардағы шаршы көзілдіріктерге қарай бұрыңыз.

Сопақша келген бетке арналған көзілдірік.

Сопақша пішінді бетке де жүрек пішіндес тәрізді барлық типтегі көзілдіріктер қолайлы. Алайда бірқатар ереже бойынша мынадай ерекшеліктер алдан шығады:

Көзілдіріктің жиегі бет сұлбасынан асып кетпеуі тиіс.

Көзілдіріктің жоғарғы бөлігі қастан жоғары көтерілмеуі тиіс. Тең деңгейде тұрса болады.

stan.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер