Көздің қызаруын қалай кетіруге болады? - Пайдалы кеңес|30 Сәуір 2015, 18:20
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көздің қызаруын қалай кетіруге болады?

Астана. 30 сәуір. Baq.kz – Кейбір қыз-келіншектер мен әйелдерде аллергия секілді белгілі бір жағдайларда көздің қызаруы пайда болады. Бұл түрлі факторларға байланысты. Мәселен, қатты шаршау, көзге күннің түсуі, сапасыз көз бояулары, көзілдірік, компьютер, тіпті, ұйқының өзі көздің қызаруына алып келіп жатады. Ал, одан құтылу үшін не істеу керек? Дәрігерлер бұл жағымсыз денсаулық ақауынан құтылудың 7 жолы бар екенін айтады. Назарларыңызға сол амал-тәсілдерді түгелдей ұсынамыз. 

1. Сегіз сағаттық ұйқы. Көрікті көрінгісі келетін әрбір әйел күніне шамамен 8 сағат ұйықтау керек. Көз толыққанды демалмаса күні бойы әйелдің көңіл-күйі де болмайды.

2. Токсинді газдардың көзге түспеуіне жіті назар аударыңыз. Бөлменің терезесін күніне бірнеше рет ашып, бөлмені жағымсыз ауадан тазартып отыру қажет. Түтінді ғимараттарға кірмеуге тырысыңыз. Ал, бояулармен жұмыс істесеңіз міндетті түрде ашық жерде болуыңыз керек. Тіпті, асханада тамақ әзірлеген кезде де ас майының сапаласын пайдаланған жөн. Одан бөлініп шығатын газ көзге әжептеуір әсер етеді.

3. Көзді күннен қорғайтын көзілдірікті тек жаз айларында тағып қоймай, қыстың кезінде де көзіңізден тастамауға тырысыңыз. Өйткені, ақ қарға шағылысқан күн көздің жанарына кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ, күз бен көктемнің желді күндері де аталған көзілдіріктер сіздің көзіңізді бөтен заттардан қорғайды.

4. Тек сапалы косметика пайдаланыңыз. Егер көз бен қас бояулары ағзаңызға жақпаса оны қайта жағудың қажеті жоқ. Ал, ұйқыға жатар кезде беттегі опа-далапты түгелдей сүртпей жатуға мүлдем болмайды.

5. Егер көзіңізге линза тағатын болсаңыз міндеті түрде оны дұрыс пайдалану жолдарын біліңіз. Линзаны уақытында шешіп, уақытылы тазалап отыру керек. Сондай-ақ, линзалардың да пайдалану мерзімі болатынын ұмытпағаныңыз жөн.

6. Компьютермен жұмыс істеген кезде әрбір 2 сағат сайын міндетті түрде 10-15 минуттық үзіліс алып отыру қажет. Демалыс кезінде көзді жұмып, жұмыстан өзге дүниелерді ойлануға тырысыңыз. Ал, көздердің жаттығуын жасасаңыз тіптен жақсы.

7. Кондиционер немесе жылыту құралдары бар бөлмелерде ауаның құрамы бұзылады. Атап айтқанда, ондағы ылғалдылық кеуіп, құрғақ ауа көздің тез шаршауына алып келеді. Ауамен бірге көздің өзі де құрғап, жас бөлу мүмкіндігінен айрылады. Мұндай кезде арнайы дәрілік тамшыларды тамызған абзал. 

 

Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер