BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Қызылшаның  қауіпі туралы әркім білуі тиіс

Астана, BAQ.KZ. Қызылшамен тек адамдар ғана ауырады. Инкубациялық, яғни жасырын кезеңнің соңғы сатысындағы және терідегі бөртулер басталғаннан кейін 4-5 күн өткізген адам инфекция көзіне айналады. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары айтты.

Ауру асқынған жағдайда науқас адам вирусты ұзағырақ – 9-11 күн ішінде бөледі. Қызылша инфекциясының вирусы жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының үстіндегі бөліндінің ұсақ тамшыларында көп мөлшерде болады. Бала мен ересек адам вирусты жөтелген және түшкірген кезде, сондай-ақ сөйлегенде жиі бөледі.

Қызылшаның ерекшелігі инфекция қоздырғышы үлкен қашықтыққа таратылады. Бұдан бөлек, вирус тек көлденең жазықтықта ғана емес, сонымен қатар тік жазықтықта да тез таралады. Қызылша көп қабатты ғимараттарда осындай жолмен – вентиляциялық шахталармен және баспалдақтардың аралығымен тарайды.

Сырқаттанушылықтың артуы әдетте, адамдар жабық үй-жайларда ұзақ болатын жылдың суық мезгілінде орын алады.

Қызылшамен ауырудың алғашқы кезеңінде науқас адамда жалпы әлсіздік, бастың қатты ауыруы білінеді, ұйқы бұзылады және тәбеті нашарлайды. Дене температурасы көтеріледі және ол қызылшаның ауыр түрі кезінде 40°С-қа жетуі мүмкін. Аурудың алғашқы күндері-ақ адамда шырышты бөлінділері бар қатты тұмау, тұрақты құрғақ жөтел, қабақтардың ісуі, конъюнктивит байқалады. 3-8 тәуліктен кейін науқастың денесінде біртіндеп ағып кететін ашық түсті дақты-папулезды экзантема пайда болады.

Жүктілік кезінде қызылшаны жұқтырған жағдайда вирустың плацента арқылы еніп, нәрестені жатырішілік жұқтыруы байқалады. Бұл инфекциялық аурудың тік жолмен берілуі туа біткен қызылшаның дамуына әкеледі.

Қызылшаның асқынуы ретінде пневмония жиі пайда болады. Балаларда жалған қыспақ, кейде стоматит болуы мүмкін. Ересек адамдарда пигментация кезінде менингит, менингоэнцефалит және полиневрит дамиды. Айтарлықтай асқыну түрі — қызылша энцефалиті.

Ауырғаннан кейін ширыққан иммунитет өмір бойы сақталады.

Қызылшаның алдын алу жоспарлы және шұғыл болып бөлінеді. Қызылшаның алдын алудың ең тиімді әдісі уақытында вакцинациялау болып табылады. ҚР-да қабылданған екпе күнтізбесіне сәйкес, вакцинациялау 12-15 айлық жаста (бір рет) жүргізіледі. Ревакцинациялау (яғни вакцинаны қайта енгізу) 6 жаста, мектепке барудың алдында бір рет жүргізіледі. Халықты қызылшаға қарсы иммундау үшін қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ККП) қарсы аралас вакциналар және моновакцина қолданылады.

Шұғыл иммундау науқаспен қарым-қатынаста болған кезден бастап 72 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі. Қызылшамен ауратын науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған, екпе алмаған, екпе алуы туралы деректерсіз немесе инфекцияға қарсы екінші доза алмаған 30 жасқа дейінгі адамдарға қызылшаға қарсы, ол болмаған жағдайда ККП моновакцинамен шұғыл иммундау жүргізіледі.

Науқасты медициналық қадағалау және ауру жұқтырған жағдайда уақытында оқшаулау керек. Үй-жайларды жиі желдетіп тұру қажет. Қызылшамен сырқаттанушылық артқан кезде адамдардың әртүрлі көпшілік іс-шараларына баруы шектелуі тиіс.

Жаңа жыл қарсаңында жаппай ертеңгіліктер өтуде.

Ата-аналарға, адамдардың көп шоғырланған жерлерге (сауда-сауықтыру орталықтары, ертеңгіліктер және т.б.) вакцинациялау жасалмаған балалардың баруын шектеу керектігін ұсынар едік.

Аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда дереу медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына жүгініп, дәрігердің ұсыныстарын қатаң ұстанып, ұсынылған емнен бас тартпай, сондай ақ, белгiленген күнтiзбеге сәйкес вакцинациялаудан өту керек.

Өз уақытында жасалған вакцинациялау адамды қызылшадан және оның асқынуынан сақтай алады!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер