Кірпігіңізді күте білесіз бе? - Пайдалы кеңес|12 Мамыр 2015, 17:13
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кірпігіңізді күте білесіз бе?

Астана. 12 мамыр. Baq.kz – Қалың, ұзын, найзадай кірпіктерді қай қыз болса да армандайды. Жасанды сұлулық белең алған қазіргі заманда кірпік ұзындығын қалауынша жалғатып алудан оңай нәрсе жоқ. Қазір қыздардың көпшілігі жасанды кірпік жалғап, соңында табиғи кірпігінен айырылып өкініп жататындары қаншама?! 

Кірпігіңіз сау әрі ұзын, қалың болғанын қалайсыз ба? Ендеше төмендегі ақыл-кеңеске назар аударыңыз.

- Ошаған майы (репейное масло). Кірпік күтуде жиі қолданатын заттардың бірі. Ол кірпіктің өсуін тездетіп, қажетті дәрумендермен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кірпіктің түсуін баяулатады. Таусылған сүрмеңіздің (тушь) қорабын тастамай, ішін жуып, кептіріп, ошаған майын құйып қойыңыз. Оны күн сайын кешке кірпігіңізге жағып жүріңіз. Майдың көздің шырышты қабығына түсіп кетпеуін қадағалаңыз. Майды жағып, 15 минуттан соң құрғақ мақтамен сүртіп тастаңыз.

- Майсана майы (косторовое масло). Күнара бір сағатқа ғана жағып, кейін сүртіп тастауға болады. Егер кірпігіңіздің жағдайы тіпті, нашар болса, күнделікті жатарда жағып, түні бойына қалдырасыз. Әсерін күшейту үшін қоспалар жасауға болады. Мысалы, майсана майы мен ромды теңдей етіп араластырып қолдансаңыз, кірпіктің төзімділігі артады және өсуі жылдамдайды. Сондай-ақ, майға А және Е дәрумендерін қосуға болады. Бұл қоспаны жиі қолданып тұрсаңыз кірпіктер жылтырап тұрады. Егер майсана майына сәбіз шырынын қосып қолдансаңыз кірпіктің түсі қоюлана түседі. Сондай-ақ, майсана майына А дәруменін (дәріханада сатылады) араластырып, күнде ұйықтар алдында кірпігіңізге жағып жүріңіз, оны 5 минуттай ұстап, мақтамен сүртіп алуды ұмытпаңыз.

- Вазелин майы. Қолжетімді әрі тиімді зат боп табылатын вазелин бір айда нәтижесін көрсетеді. Ол үшін аталған майды күнде жатар алдында кірпігіңізге қалыңдап жағыңыз. Вазелин кірпікте түні бойы тұрып, әбден сіңіуі керек. Осылай аптасына үш реттен бір ай бойы жақсаңыз кірпігіңіздің қалыңдап, ұзарғанын байқайсыз. 

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер