BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның бас онкологы етті аз жеуге кеңес берді

Еліміздің бас онкологы етті аз жеу керектігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сенатта өткен парламеттік тыңдауда мамандар адам денсаулығына қатысты тағы бір ушығып тұрған жағдайды айтты. Елімізде қатерлі ісікке шалдыққандар саны артқан. Жылына 36 мың науқасқа рак деген диагноз қойылады да, оның 15 мыңы қайтыс болады екен.

Еліміздің бас онкологы тұрғындарға жаман аурудың алдын алуға бірқатар кеңес берді.

«Адамдар қызыл еттен бас тартса, ішек рагы азаяды. Еліміз әйелдер мен ерлер арасындағы ішек рагы бойынша бесінші орыннан үшінші орынға шықты. Ал тұзды тұтынуды азайтсаңыздар, асқазандағы қатерлі ісіктен құтыламыз. Бауыр рагын болдырмау үшін вакцинамен гепатит Б-ның алдын алу керек. Әйелдер арасында сүт безі обыры көп тараған. Ерлер көбіне өкпе, асқазан рагіне шалдығады. Ең өкініштісі, жаман дертке душар болғандардың басым бөлігі жастар мен орта жастағы азаматтар. Қатерлі ісіктен көз жұмғандар, әсіресе, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Солтүстiк және Шығыс Қазақстан облыстарында көп. Ал бұл аурумен күресетін онкологтар жетіспейді», - дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер