Қалтадағы арзан шайдың зиянын білесіз бе? - Пайдалы кеңес|21 Сәуір 2015, 16:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қалтадағы арзан шайдың зиянын білесіз бе?

Астана. 21 сәуір. Baq.kz – Бір рет пайдалануға арналған қалтадағы арзан шайлардың ағзаға қаншалықты зиян екенін білесіз бе? Жоқ, көпшілігіміз біле бермейміз. Шайлардың түрлеріне зерттеу жүргізіп көрген Дерби университетінің ғалымдары мұндай шайды мүмкіндігінше пайдаланудың қажеті жоқ екендігін айтып отыр. 

Университеттің қызметкерлері сергітетін осынау шайдың құрамындағы қоспаларды түгелдей дерлік зерттеп, оның ішінде фтор элементінің тым көп екенін анықтады.

Мәселен, ересек адамның күніне 3-4 миллиграмнан көп фтор пайдалануына болмайтынын ескерсек, бір қалта шайда оның мөлшері әдеттегіден 75-120 пайызға көп болады екен (шамамен 6 миллиграмм).

Мұның себебі мынада: шай жапырақтары уақыт өткен сайын бойына фтор элементін жинай береді. Ал, қалтадағы шайды әбден ескіріп, тұрып қалған жапырақтардан жасайтыны әу бастан-ақ белгілі. Сондықтан да оның бағасы арзан.

Фтордың адам ағзасына қандай зияны бар дейсіз ғой? Оны да айтайық...

Адам бойында фтор элементінің көбейіп кетуінен ең алдымен буын аурулары пайда болады. Ал, буындағы ауруды дер кезінде емдеп үлгермесеңіз оның түбі мүгедектікке алып келуі мүмкін. Сондай-ақ, ағзада фтордың артуы салдарынан бұлшықеттер әлсізденіп, остеопороз ауруы пайда болады. Тістің қызылеттеріне де фтордың залалы көп. Ал, егер бұл аурулардың ешбіріне мән бермесеңіз түбі қатерлі ісікке шалдығу қаупі басым деп жазады The Daily Mail. 

 

Әзірлеген Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер