BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ыдыс жууға арналған сорғыш денсаулыққа зиянды – мамандар

Ғалымдар ыдыс жууға арналған сорғыштың қаншалықты зиян екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Неміс ғалымдары ыдыс жууға арналған сорғышта көптеген патогенді бактериялар болатынын анықтады. Олардың кейбірі менингит пен сепсисті тудыратын көрінеді. Бұл туралы Scientific Reports журналында жарияланды.

Биологтар ас үйде тұрған 40 сорғышты алып, ондағы биополимерлердің түзілуін зерттеген.

Осының нәтижесінде, ыдыс жуатын сорғышта микробтар көп болатыны анықталған. Сондай-ақ, сорғышта инфекцияны қоздыратын Chryseobacterium hominis және Moraxella osloensis бактериялары жиналады екен.

Сарапшылардың айтуынша, сорғыштар қайта-қайта дезинфекцияланса да, барлық микробтардың өлмейтіні, яғни олардың құрамы ғана өзгеретіні белгілі болыпты.

Сол себепті мамандар ыдыс жууға арналаған сорғыштарды екі апта сайын ауыстырып отыруға кеңес береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер