BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.92
Астана:

Гепатит туралы көбірек біліңіз

Фото: medonet.pl

А,В,С, D және E типті деп аталатын вирустық гепатиттің 5 негізгі түрі бар. В және С типтері цирроз бен бауыр қатерлі ісігінің ең көп таралған түрі болып табылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметінен хабарлағандай, А гепатитінің таралуын қауіпсіз ауызсумен тиісті түрде қамтамасыз ету кезінде, жеке бас гигиенасы мен вакциналауды орындау кезінде алдын алуға болады.

В және С гепатиті кезінде неғұрлым ағзаға инфекция көп түскен сайын, соғұрлым гепатитті жұқтыру қаупі жоғарылайды. Ең үлкен қауіптілікті вирустың едәуір көп мөлшері кездесетін, ағзаның жұқпалы биологиялық орталарымен байланыс тудырады. Бұл тексерілмеген қанды құю немесе оның өнімдерін құю кезінде, сондай-ақ терінің зақымдануымен манипуляцияларды жүргізу кезінде, маникюр, татуировка жасау, стерильді емес немесе нашар өңделген құрал-саймандармен манипуляцияларды жүргізу кезінде, қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде болуы мүмкін. Сонымен бірге босану кезінде анадан балаға жұғуы мүмкін.

Жеке бас гигиена заттарын: маникюр қайшыларын, тіс қылшақтарын, ұстара жабдықтарын, тіс тазартқыштарын және т.б. бірлесе пайдалану кезінде жыныстық серіктердің, отбасының басқа мүшелерінің жұқтыру қауіп-қатері болады.

В және С вирустық гепатиті құшақтасу, қол алысу, жөтел, түшкіру немесе қоғамдық бассейндерді немесе ұқсас объектілерді рекреациялық пайдалану арқылы берілмейді.

Өзіңді «В» гепатитінен вакцинаның көмегімен қорғауға болады. Вакциналаудың толық курсында созылмалы инфекция дамуының алдын алу тиімділігі 95%-ды құрайды. Өкінішке қарай, бүгінгі күні С гепатитіне қарсы вакцина әлі әзірленбеді.

Вирустық гепатиттерді жұқтырудан 100%-ға сақтандырыла алмайсыз. Алайда, бірнеше қарапайым ережелерді сақтай отырып, қауіп-қатерді төмендетуге болады:

- маникюр, педикюр, тату, пирсинг және т.б. көп реттік пайдалану құрал-саймандарының және оның бөліктерінің қажетті стерильділігі қамтамасыз етіле алмайтын, күмәнді салондарда, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасамаңыз;

- кез келген бөгде адамдардың стерильді емес қадалғыш, кескіш заттарын, медициналық, маникюрлік және басқа құралдарын пайдаланудан аулақ болыңыз;

- гепатит типтеріне ұдайы тексеріліңіз.

- қауіпсіз жыныстық қатынасты тәжірибелеңіз, тосқауылдық қорғаныс әдістерін пайдаланыңыз (мүшеқаптар)

- егер Сіз В гепатитінен вакцина алмасаңыз, онда екпе жасаңыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер