Ғалымдар қорқынышты түс көруден қалай арылуға болатынын анықтады - Пайдалы кеңес|30 Тамыз 2018, 13:40
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ғалымдар қорқынышты түс көруден қалай арылуға болатынын анықтады

Токио университетінің ғалымдары тышқандарда тез ұйқыға шомуға жауап беретін гендерді "өшіріп тастады". Сол арқылы адам ұйықтаған кезде түрлі жағдайдағы, тіпті қорқынышты түс көруді болдырмауды зерттеп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Daily Mail басылымына сілтеме жасап ақпарат таратқан sputniknews.kz сайтының мәліметіне қарағанда, ғалымдардың ашқан жаңалығы бойынша адам қатты шаршаған кезде ағзасы "өшіп қалғандай" күйге еніп, ұйқыда жатқанда қандай да бір физиологиялық кедергілерсіз жақсы демалып, тынығып тұрады.

Демек, енді кез келген тірі ағза тып-тыныш ұйқыда жата алады – тіпті ешқандай түс, оның ішінде қорқынышты түстер көріп, мазасы кетпейді.

Ғалымдар тышқандардың Chrm 1 және 3 гендерін алып тастап, тез ұйқы фазасын уақытша өшіріп тастау мүмкіндігіне ие болды. Кей теория бойынша бұл фаза адамның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Бұл гендерді алып тастау нәтижесінде ми мен бүкіл ағзаның толыққанды тынығуы үшін тез ұйқы фазасы керек емес деген пайымдаулар туындайды. Ғалымдардың теориясы расталып, тышқандар бұл гендерсіз тіршілік ете алатын болса, психологиялық дерттерді емдеудің жаңа әдісі анықталуы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер