BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Есті кісі бес саусағына қарайды

Абай Құнанбайұлы он бесінші қара сөзінде "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?" деген еді. Бұл бәрімізге мектеп кезінен мәлім. Ал қазір қаншалықты есті кісілер қатарынан болуға ұмтылып жүрміз?

Өз өзіңе есеп беруді күн сайын бес саусағыңа қарап отырып жүзеге асыруға болады.

Бас бармақ – Бой жазу Мен бүгін бойымды жазып, денемді ширататын, денсаулығымды жақсартатын не істедім? Өзіме өзім қаншалықты күтім жасадым? Салауатты өмір салтын ұстанып жүрмін бе?

Балаң үйрек – Бауырмалдық Айналама бауырмалдық танытып жүрмін бе? Кімге қандай көмегім тиді? Менен қайыр күтіп келген адамның бетін қақпай, қол ұшын соза алдым ба?

Ортан терек – Осалдық Бойымда қандай осалдық бар? Одан жапа шегіп жүрмін бе? Қай әлсіздігіммен күресу керек? Нені өзгерту керек? Менің осалдығымның өзгелерге кесіріп тиіп жатқан жоқ па?

Шылдыр шүмек – Шыңға шығу Мақсатыма бір табан болса да жақындай алдым ба? Шыңдарды бағындыру үшін қандай әрекетке бардым? Болашақта не істей аламын? Мақсаттарым мен жоспарларым айқын ба?

Кішкене бөбек – Кемеңгерлік Қандай ағат іс қылдым? Миымды қоректендіру үшін не істедім? Не оқыдым, не көрдім, не түйдім? Ақылым мен білімім толысып келе жатыр ма? Оны арттыру үшін тағы не оқуым керек? Осы сұрақтарға берген жауабыңыз көңіліңізден шықса, сізден бақытты адам жоқ. Өз-өзіңізге разы болсаңыз, өзгелер де дән риза!

massaget.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер