Дауылдан қалай қорғану керек - Пайдалы кеңес|22 Мамыр 2018, 19:55
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Дауылдан қалай қорғану керек

Фото: мұрағат

Астанадағы бүгінгідей дауыл қайталанған жағдайда қалай қорғануға болатыны туралы мамандар кеңес берді. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева Facebook-тағы жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Жайсыз ауа райы мамандар халықты келесі алдын алу шараларын ұстануды ескертеді. Нақтырақ айтқанда, қатты жел соққан жағдайда үйде немесе пәтерде терезені нықтап тұрып жабу керек. Сонымен бірге, терезе салынбаған балконнан немесе лоджидан қатты жел кезінде сыртқа ұшып кетуі ықтимал барлық заттарды үйге кіргізген абзал», - делінген жазбада.

Ал егер дауыл соққан жағдайда сыртта болсаңыз, жарнама тақташаларынан, өзге де ілініп тұрған құрылымдардан, электр желілерінен, ағаштардан қашықта жүрген дұрыс. Қайғылы жағдайдан сақтану үшін барынша қырағы болған абзал. Бұған қоса үзілген сымдарға немесе шайқалақтаған заттарға жақын жүрмеу керек.

Қатты жел соққан жағдайда жақында орналасқан ғимараттардың бірінде (дүкен, кітапхана, сауда орталығы, үйдің подъезі, кинотеатр) сауғалаған дұрыс. Жел басылғанша сол жерден шықпау қажет.

Сонымен бірге, мамандар ағашқа жақын көлікті қалдыруға болмайтынын ескертеді. Әсіресе, шіріген немесе жалғыз өскен ағаштардан аулақ жүрген абзал.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер