Бетке әжім түспесін десеңіз... - Пайдалы кеңес|06 Қазан 2016, 19:14
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бетке әжім түспесін десеңіз...

Зығыр майының бос радикалдар және зиянды холестеринмен күресе білетін керемет қасиеті туралы бәріміз білеміз. Бірақ, қарапайым зығыр дәнінің лифтингке арналған алдыңғы қатарлы косметикалық құралдардан еш кем түспейтінін бірі білсе, бірі біле қоймас.

Мына масканы кешкі уақытта жасауға кеңес береміз. 10 рет жасағаннан кейін нәтижесінің кереметтігіне көз жеткізесіз. Арзан әрі қарапайым маска сіздің теріңізді біршама әрлендендіріп, жасартады.

Сонымен…

Таңертең өзіңіз күнде кешке жасайтын масканы дайындап қойыңыз.

  • 1 ас қасық зығыр дәніне 1/3 стақан қайнаған су құйып, 1-2 минуттай жақсылап араластырыңыз.
  • бетін қағаз майлықпен жауып, кешке дейін тұндырып қойыңыз.

Кешке:

  • бетіңізді жуыңыз,
  • диванға ыңғайлы жайғасыңыз (масканы жатып жасау керек),
  • былғап алмас үшін, диванның үстіне төсеме төсеңіз
  • зығырдың тұнбасы мен мақта алыңыз
  • мақтаны тұнбаға салып, сулап алыңыз да, бетіңізге, мойныңызға жағыңыз
  • кепкенше күтіңіз
  • үстіне тағы бір рет жағыңыз
  • кепкенше күтіңіз
  • осылайша кем дегенде 6 рет жасаңыз.

Сосын жылы сумен жуып тастаңыз.

Осы қарапайым маска аса тиімді. Салонға косметикалық шараларға барудың қажеті болмай қалады. Яғни, ақшаңыз қалтаңызда қалса, ал уақытыңыз үнемделеді.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер