BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аталас қызға үйленуге бола ма?

Түркі тектес халықтардың ішінде қазақ қана жеті атаға дейін қыз алыспайды. Дегенмен соңғы кездері "шариғат бұған рұқсат береді" деп, бүйректен сирақ шығаратындар көбейген. Белгілі ұстаз Әбдіғаппар Сманов мешіттегі уағыздарының бірінде осы мәселенің ара-жігін ажыратып берген екен.

«Аталас қызға үйлену дұрыс емес. Бізде жеті ата деген ұғым бар. Иә, шариғатта рұқсат етілген. Бірақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ұзақтан үйленіңдер деп өсиет етіп қалдырды. Осы қағиданы біздің қазақ жақсы ұстанған. Яғни, біздің дәстүріміз исламға қайшы емес. Қан тазалығын сақтаған кезде баланың денсаулығы мығым болады. Бірақ мұны бидғат, ширк деп жүргендер де бар. Ол дұрыс емес. Ата-бабамыз бұл дәстүрді қатаң ұстанған. Мұнда өте үлкен жақсылық бар», - дейді Әбдіғаппар Сманов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер