BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақылды қой немесе ауылдағы арамшөп жұлу технологиясы

Желіде ауылдағы көкөніс алаңының арамшөбін жұлу әдісі туралы видео тарады. Онда әлдекімнің арамшөп жұлу үшін қойды пайдаланатыны көрсетілген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Көктем шыға елдің бәрі есігінің алдындағы азғана жеріне қияр, қызанақ, картоп, сәбіз қатарлы көкөністерді егетіні белгілі. «Күріштің арқасында күрмек су ішеді» дегендей, осы «огородты» көктетпейтін арамшөп бірге шығатыны да анық. Мына видеода көрсетілгендей, огородтың арамшөбін жұлудың жаңа технологиясы «пайда болды».

Онда жүйектің ортасына бір қой сиятындай шарбақ жасап, оған қойды қамап қойған. Шарбақты жүйек бойымен жылжытып отырса, қой огородтың арамшөбін жеп, таусып отырады. Қарапайым әдіс осы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер