8 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал - Пайдалы кеңес|08 Қараша 2016, 11:03
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

8 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін жұлдыздар қандай кеңес береді?

Тоқты

Бүгін сүйіктіңізге сезіміңізді білдіруге керемет күн. Күндегіден гөрі бүгін өзіңізге екі есе көп көңіл бөліңіз. Бүгін біреуге сыйлық алуды жоспарласаңыз,тек өзім деген адамдарыңызға алыңыз. Берекетсіз ақша жоймаңыз. Бұл сүйіктіңізге ұнамауы мүмкін.

Торпақ

Бүгін қандай қиындық болса да, бейбіт жолмен шешіңіз. Бастысы, біреудің арандату мақсатында айтқан сөзіне сеніп қалмай, қандай мәселеде де ақылмен шешкеніңіз дұрыс. Жаныңыздан табылатын жандарға ниетіңіз адал болсын.

Егіздер

Өзіңізге демалыс жариялап, ішкі жандүниеңіздің қалыпқа келуін қадағалаңыз. Таза ауада қыдырыңыз.Ондай көмек сіздің көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болуына пайдасы мол. Сүйгеніңізді де жалғыз қалдырмағаныңыз жөн.

Шаян

Бүгін ойланбай әрекет етуден сақ болыңыз. Сіздің сипаттамаңыздағы ең жағымсызы оқиғаны дұрыс бағалай алмауыңыз болып отыр. Тіптен, сізді тура жолдан тайдырушылар пайда болуы мүмкін.Ұсыныс болған жағдайда, аяқ асты шешім қабылдамай біраз уақыт ой елегінен өткізгеніңіз жөн.

Арыстан

Күннің бірінші жартысы сіздің істеген әрекетіңізге байланысты дамымақ. Кешке дейін маңызды жұмыстарыңызды бітіруге тырысыңыз. Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Күннің соңында отбасыңызбен,өзіңе жақын адамдармен демалғаныңыз абзал.

Бикеш

Бүгін көңіл-күйіңіз ерекше болмақ. Тіпті өмірде мүмкін емес нәрселердің өзі мүмкін болатындай сезіледі. Кәдімгі балаң қиялға қанат қағып, таңғажайып сезімде боласыз. Күн өте сәтті басталғалы тұр. Жақында туындаған бір мәселеңіз шешімін тапқалы тұр.

Таразы

Бүгін көп іске нүкте қоюға себепші болады. Көп мүмкіндікті жіберіп алғаныңыз үшін өкінбеңіз. Өткенді өзгерту қолыңыздан келмесе де, оған деген көзқарасыңызды өзгерте аласыз. Ақылды емес, жүрегіңізді тыңдаңыз. Сонда ғана жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Сарышаян

Күннің басы қауырт тірліктермен басталғанымен, ортасына қарай барлығы реттеледі. Қала аралап, қыдырып қайтуыңызға да болады. Немесе кино театрға барып, уақытыңызды басқа да қызықты етіп өткізуіңізге болады.

Мерген

Күннің алғашқы бөлігінде қаржы мәселесінде жолыңыз болады. Күтпеген жерден қосымша табыс көзі табылуы ғажап емес. Кешке жеке өміріңізге қатысты мәселелерді таразыға саласыз. Мұнымен қатар, махаббат сезімінің шарайна секілді нәзік екенін ұмытпағаныңыз жөн.

Тауешкі

Жақындарыңыздан көңіліңіз қалатын сәттер болуы мүмкін. Мойымаңыз, бар кеткен қателіктеріңізді түсініп, дұрыс шешім қабылдай білген жөн. Қатты шаршап жүргендіктен, өмірге деген көзқарасыңыз өзгерген.

Суқұйғыш

Бүгін таңертең тағы да ұйқыныз канбай калуы ғажап емес! Сіз өзіңізді басқаның көзқарасымен өзіңізді көріңіз..Сен егер бакытты куліп журетін жан болсаң, бүгін сездің көніліңізді екі есе көтереді. Ал егер сүйгеніңіз бар болса, онымен жақсы тіл табысып бақыттың құшағында жүре аласыз. Адамдармен пайдасыз ұрыс - ақымактық. Адамдардың сөздері жаныңызға ауыр тиюі мумкін, бірақ көп оларға назар аудармаңыз.

Балықтар

Өзіңізге демалыс жариялап, ішкі жандүниеңіздің қалыпқа келуін қадағалаңыз. Таза ауада қыдырыңыз.Ондай көмек сіздің көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болуына пайдасы мол. Сүйгеніңізді де жалғыз қалдырмағаныңыз жөн.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер