BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

4 сағаттық жұмыс күнін енгізу мүмкін бе?

Фото: ашық дереккөзден

Адам қатты қысылған сәттерде немесе стресске түскенде аз жұмыс істеп, өз мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алады, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі Forbes басылымына сілтеме жасап.

Дегенмен, бұл жетістікке жетудің кілтіне айналып, өмірді бір баланста ұстауға көмектесе алады.

Бүгінгі таңда менеджерлердің көпшілігі ми мен адамның денесі аз уақытта көп нәрсе істеу керек кезде жемісті қызмет ететініне көз жеткізген. Зерттеу нәтижелеріне сенсек, аптасына 35 сағат жұмыс істейтін адамдар аптасына 20 сағат жұмыс істейтіндерге қарағанда екі есе аз өнімділікпен жұмыс істейді екен. Бүгінде бұл жағдайды психологияда да түсіндіріп жатқандар бар. Мысалы, Муллинатан мен Шафир атты авторлар осы туралы арнайы кітап та жазып, осы құбылысты түсіндіруге тырысқан. Олар кітапта аз уақыт не себепті адамдардың еңбек өнімділігін арттыратынын түсіндірген.

Адам бір күнін толығымен жұмысқа арнаған кезде бейберекет жүре береді. Ал уақыты шектеулі болса, адам өзіне тиесілі жұмысты жылдам орындай алады. Бұл энергетикалық жағдай адамның әрекетіне әсер етіп, импульс туғызады. Яғни, адам өнімдірек жұмыс істеп, бір жұмыс күнінде атқарылуы тиіс жұмысты анағұрлым аз уақытта істеп тастауға қауқарлы болады.

Бұл жағдайдың басқа да артықшылықтары бар: Жұмыс уақытының қысқа болуы тек жұмыс орнының санын азайтып қана қоймай, қоршаған ортаға да ерекше әсер ететін болады. Бұл өнімділіктің аз болуымен байланысты болса керек. Әрине, адамның күні бойы жұмыста отыруын талап ететін мамандықтарда жағдай басқаша. Мысалы, құқық қорғау қызметі, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс деген секілді салалар адам санының көп болуын талап етеді.

Дегенмен, осы салада қызмет ететін адамдар жұмыста аз уақыт өткізгісі келсе немесе жұмыс уақытын қысқартуды көздесе, келесі кеңестерге жүгінсе болады:

Өзіңізден «Бүгінгі жұмысыма көңілім толады ма?» деп сұраңыз

Жұмыс уақытында атқарылатын істің маңыздылығы мен қиындық деңгейіне мән беріп, арнайы құрылым жасаңыз. Ең маңыздысына басымдық беріңіз. Кездейсоқ міндеттерді атқарудың орнына, өзіңіздің көңіліңіз толатын, күніңіздің босқа кетпей, өнімді өткенін көрсете алатын істерге мән беріңіз.

Өнімді болыңыз

Жұмыста бос уақытыңыздың болмай еңбек етуіңіз маңызды емес. Бастысы, өнімділік. Үнемі «қолы бос емес» адамдар негізінен нашар менеджерлер. Себебі олар өз уақыты мен энергиясын дұрыс жұмсай алмайды. Ал өнімді қызметкерлер керісінше, уақыт пен энергиясын үнемдеп те көп жұмыс атқара алады.

Кейбір маңызды міндеттерді автоматтандырыңыз

Машинамен, компьютермен автоматтандыруға болатын іс-әрекеттің ешқайсысын өзіңіз атқармаңыз. Алдымен міндеттерді жан-жақты қарастырып, автоматтандыру жолдарын қарастырып көріңіз. Сол арқылы өзіңіздің энергияңызды босқа кетіріп жатпағаныңызға көз жеткізе аласыз.

Микродистрикциядан аулақ болыңыз

Жұмыс уақытыңызды үзілмегенін, басқа істерге көңіліңіздің ауланбағанына көз жеткізіңіз. Электронды поштадан, әлеуметтік желілерден шығып, маңызды міндеттерге басымдық беріңіз.

Энергетикалық ресурстарыңызға мән беріңіз

Сізді алаңдататын, көңіліңізді жабырқататын ештеңе жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Таңғы уақытыңызды түске дейін күте алатын қиын техникалық проблемаға жұмсамаңыз.

Күнделікті өміріңізді тәртіпке келтіріңіз

Жұмысқа киетін киіміңізді түнде ұйықтар алдында таңдап қойыңыз. Түскі астың қамына да ертерек кірісіңіз. Күнделікті тұрмыстағы ұсақ-түйек әрекеттерге энергияңызды кетірмеңіз.

Табысыңызды арттыруды көздеңіз

Ай сайын алатын табысыңызды жұмыс күніне, оны бір күндегі жұмыс сағаттарына бөліңіз. Яғни, күн сайын істейтін іске емес, сағат сайын атқарылып жатқан жұмысқа мән беріп, табысты арттыруға болатын жолдарды іздеңіз.

Ағылшын тілінен аударған Алтынай Қуанышбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер