4 қазанға арналған жұлдыз-жорамал - Пайдалы кеңес|04 Қазан 2016, 09:09
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

4 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Фото: horoscopes.rambler.ru

Әр күнін жұлдыз-жорамалға қарап жоспарлайтын жандар үшін. Бүгінгі күннің қалай өтетінін мына жерден оқып, соған қарай қамданыңыз.

Тоқты

Сіз бір адамды кезіктірдіңіз де ішіңіз жыбырлап қоя берді ме? Құттықтаймыз, сіз ғашық болып қалдыңыз.

Торпақ

Бүгін ешкімге де,ешнəрсеге де мəн бермеңіз. Бұл сіздің күніңіз жəне сіздің өміріңіз.

Егіздер

Сіз маскарадта жүрген жоқсыз, маскаңызды шешіңіз. Бəріне өзіңіздің қандай мейірбан жан екеніңізді көрсетіңіз. Бəрі таң қалсын.

Шаян

Бүгінгі күн сіз үшін өте керемет күн. Бақыттан, қуаныштан, сəттіліктен ешқайда қашып құтыла алмайсыз.

Арыстан

Өзіңізге проблема керек болмаса, онда тұрған жеріңізден ешқайда бармаңыз. Сіз ешкімге ұрынбасаңыз, сізге ешкім тиіспейді.

Бикеш

Сізге бүгін мол ақша табатын керемет мүмкіндік туып тұр, жіберіп алмаңыз. Мол ақшаға кенеліп, соның пайдасын көріңіз.

Таразы

Таразыларды ешқандай қиындық жеңе алмайды, олар қиындыққа «түкіргенім бар»" деп қарайды. Жарайсыңдар, таразылар!

Сарышаян

Сіз қайда барсаңыз да, бүкіл адамның назары сізде болмақ. Өзіңіздің беделіңіз пен сəттілікті жібермейтініңізден лəззат алыңыз.

Мерген

Сізге бəрі ұқсағысы келеді, сізбен теңескісі келеді. Біздің ойымызша, күніңіз өте керемет өтпек.

Тауешкі

Сіздердің көңілге ала беретініңіз ол ақымақтық емес, ол сіздің жүрегіңізбен шынай сүйетіндігіңіздің дəлелі.

Суқұйғыш

Сізді шағын жеңіс күтіп тұр, сол жеңістің артынан үлкен қуаныш келмек. Таңғажайып күн.

Балықтар

Бүгін сіздің қыңырлығыңыз үлкен пайда əкеледі. Соның арқасында өзіңіздің бақытыңызға жетесіз.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер