BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

Фото: geocult.ru

Жұлдыздар бүгін қандай кеңес береді?

Тоқты

Бүгінгі күн қызығы мен шыжығын өзімен бірге ала келмек. Алайда бәрі өз қолыңызда. Айналаңызда болып жатқан жағдайларды сабырмен қарсы алыңыз. Күннің бірінші жартысында өте абай болғаныңыз жөн. Кешке көңіліңіз жай табады.

Торпақ

Күннің бірінші жартысы сіздің істеген әрекетіңізге байланысты өтеді. Кешке дейін маңызды жұмыстарыңызды бітіруге тырысыңыз. Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Күннің соңында отбасыңызбен,өзіңе жақын адамдармен демалғаныңыз абзал.

Егіздер

Күн жақсы жаңалықтармен басталмақ. Достарыңыз арасында кішкене келіспеушілік болуы мүмкін, не болса да сабырмен қабылдаңыз. Қаржы жағынан қиындықтар тууы мүмкін. Ақшаңызды үнемдеп жұмсаңыз. Жақындарыңыздан да көмек болмай әбігерге түсуіңіз мүмкін, бірақ бəріне түсіністікпен қарауыңыз керек!

Шаян

Бүгінгі күн бір қалыпты өтпек. Бүгін ер адамдардан гөрі әйел затымен жақсы тіл табыса аласыз. Өзіңіздің ақылыңыз бен біліміңізге сүйеніп бұрыннан шешілмей жүрген мәселелердің басын ашуыңыз мүмкін. Бүгінгі күн романтикаға толы болмақ. Отбасыңызға, жақындарыңызға көп көңіл бөлуге тырысыңыз.

Арыстан

Бүгін жаңа адамдармен таныссаңыз, өзіңізге өте тиімді болмақ. Нәтижесінде қомақты қаржыға кенелуіңіз мүмкін. Алға қойған мақсатыңызға жету үшін әрекет жасап, алға жылжыңыз. Әр қадамыңызды ойланып басқаныңыз абзал.

Бикеш

Бүгін кішкене мазасызданып, сабырыңыз қашады. Ненің қайдан басталып, қайдан аяқталарын білмей дал болуыңыз мүмкін. Алайда уақыт өте бәрі орнына келеді. Күннің соңына қарай көңіліңіз жайдарланып, бақыт құшағында жүруіңіз мүмкін. Сабырмен барлық қиындықты шешкеніңіз абзал.

Таразы

Бүгін біраз жұмыстарыңызды бітіріп алуыңыз мүмкін. Танымайтын адамдармен сөйлесуден сақтаныңыз, жауапсыз махаббатқа душар болуыңыз мүмкін. Алға қойған жоспарларыңыз өте көп, сол себепті сенетін адамыңыздың пікіріне құлақ асқаныңыз дұрыс болады.

Сарышаян

Бүгін сіз үшін ауыр күн болмақ. Үміт артқан адамдарыңыздан көңіліңіз қалуы да мүмкін. Бірақ есесіне сіз бұдан сабақ аласыз, кімге сеніп, кімге сенбеу керектігін біліп аласыз. Кеш жақсы жаңалықтарымен қуантады. Сабыр сақтаңыз.

Мерген

Бүгін жұмыста да /оқуда да, жеке өміріңізде де тың өзгерістер болып, жақсы жаңалықтарға толы болмақ. Алайда сізге не маңызды екенін шешіп алғаныңыз дұрыс. Күннің ортасында жұмыста қиындықтар туып, сөйлескіңіз келмеген адамдармен тіл табысуыңызға тура келеді.

Тауешкі

Бүгін сіз асықпай жүріп жетістікке жетуіңіз мүмкін. Жан-жақтан келіп түскен ұсыныстарды жіті ойланып, дұрыс шешім қабылдағаныңыз абзал. Сіздің ойларыңыз бен жоспарларыңыздың жүзеге асуы өте қиынға түспек. Кеште жақындарыңызбен ренжісіп көңіліңіз жабырқауы мүмкін.

Суқұйғыш

Біріншіден көңіліңізді түсірмеңіз. Екіншіден өзіңізге жаныңызға жақын іспен айналысыңыз. Үшіншіден, сізді кез-келген жағдайда қолдайтын, көмектесетін адам іздеңіз. Күннің басында жұмыста қиындықтар туып, біраз қиналуыңыз мүмкін. Алайда, түстен соң бәрі қалпына түсіп, рақаттанып демаласыз.

Балықтар

Балықтар ойламай шешкен істерінен үлкен қате кетіруі мүмкін. Алайда, уақыт өтіп бәрі қалпына келгеннен кейін, жіберген қателерді жөндеуге мүмкіндік туады. Жаңа істермен айналысып, біраз жетістіктерге жетесіз. Ең бастысы өзіңіздің күшіңізге сенгеніңіз дұрыс.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер