28 қазанға арналған жұлдыз-жорамал - Пайдалы кеңес|28 Қазан 2016, 08:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

28 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыздар бүгін қандай кеңес береді?

Тоқты

Ғашық жандарды бүгін сәл қиындықтар күтіп тұр. Сіздің сүйікті адамыңыз аяқ астынан өзгеріп шыға келуі мүмкін, әрине, бұл жағдай сіздің ішкі дүниеңізді тас-талқан етері анық. Сүйікті адамыңызбен достарыңыздың бірі қақтығысып қалуы ықтимал. Егер таңдау жаса десе, сүйіктіңізді таңдаңыз, өзі ашуы басылғасын бəрінен кешірім сұрайды.

Торпақ

Торпақтарға аянбай еңбек етуге тура келіп тұр. Ал тынымсыз жұмыс денсаулыққа да зиянын тигізбей қоймайды. Сондықтан екі жақты да тепе-тең ұстап, күш-жігеріңізді үнемдегеніңіз жөн. Сондай-ақ, бүгін жақындарыңыздың бірімен, туысқан немесе көршіңізбен келіспей қалуыңыз мүмкін. Айналаңыз ақпаратқа толы. Әсіресе жағымсыз жаңалықтар жүйкеңізді жұқартады, бірақ оның бәріне төтеп беру сіздің мықтылығыңызға байланысты.

Егіздер

Егіздер үшін бүгін керемет күн. Бүгін үй тірлігіне қол ұшын тигізіп, туыстарыңыздың ризашылығын аласыз. Кішкене болса да сүйіктіңіздің көңілінен шығуға тырысыңыз. Қаржылық жағынан қуанышты хабар түсіп, қалтаңыз қомақты болады. Кешке көңілді жерге барыңыз.

Шаян

Сақтықта қорлық жоқ. Бүгін Шаяндар мейлінше абай болғаны абзал. Бөтен кісінің ақшасынан аулақ жүріңіз, қарыз алмаңыз, қарызға бермеңіз. Күннің өзгешілігі тартымды танысулар, романтикалық кездесулер күтіп тұр.

Арыстан

Арыстан бүгін жұртшылық назарының нысанына айналғалы тұр. Көпшілік арасынан ерекшеленіп, көзге ілігесіз. Сізге кей адам жүрегін ұсынуы мүмкін немесе тұрмыс құруға ұсыныс түсуі мүмкін. Сондай-ақ, қандай да бір байқаудың жеңімпазы атануыңыз мүмкін. Ұзақ жолға шықпағаныңыз дұрыс.

Бикеш

«Өмір өткелдерден тұрады, оны өжеттер ғана бұзады» дегенді естен шығармаңыз. Мақсатқа жету қашан да оңай емес. Жеке басыңыздағы қиындықтар сүйіктіңізбен арадағы байланысқа да кедергісін келтіруі мүмкін. Қай істе де сабыр сақтаңыз. Бұл күннің сізге тартар сыйы бар, жағымды жаңалық күтіңіз. Көп уақытыңызды достарыңызбен өткізуге тырысыңыз.

Таразы

Жұлдыздар Таразыларға бүгін тыныш, жайлы өмір сүруді ұсынады. Аса маңызды шаруаны жоспарламаңыз. Өзіңізге демалыс жариялап, ішкі жан дүниеңіздің қалыпқа келуін қадағалаңыз. Таза ауада қыдырыңыз. Ішкі жан дүниеңізге үңіліп, жан сарайыңызды түсінгісі келген кісіге кедергі келтірмеңіз. Ондай көмек сіздің көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болуына пайдасы мол. Жақындарыңыздың бірімен ренжісуіңіз мүмкін.

Сарышаян

Сарышаяндар бүгін белсенділік танытып, жеке басының жағдайына көңіл бөлгені дұрыс. Сыртқы келбетіңіз бен киім киісіңізге, тіпті шаш үлгіңізге де өзгеріс енгізіп, күтіміңізді күшейтсеңіз артық емес. Сізге көз салып жүрген адам бүгін сөз салуы ғажап емес.

Мерген

Бүгін қақтығысқа толы күн болмақ. Әрине, сіз «қырқысудың» кінәсі өзіңізде екенін түсіне бермейсіз. Қалай болғанда, күніңіз «күресумен» өткелі тұр. Егер некедегі жан болсаңыз, қарсыласыңыз сүйіктіңіздің өзі болуы да ғажап емес. Ең қызығы, кінәні мойындауға келгенде екі жақ та илігер емес, соның себебінен де шу шиеленісе түспек. Ал мұның бәрін болдырмау сіздің қолыңызда екенін естен шығармаңыз. Сабырлы болыңыз.

Тауешкі

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегенді басшылыққа алған дұрыс. Бүгін тауешкілердің шығыны еселенгелі тұр. Жұлдыздар өткір, зақымдаушы заттармен өте мұхият болуды ескертеді. Кешкі мезгіл романтикалық кездесулерге қолайлы.

Суқұйғыш

Суқұйғыш көп уақытын отбасымен бірге немесе сүйіктілерімен, жақындарымен өткізгені абзал. Керек болса, жақындарыңызға қажетті жақсы сый алып, оның бәрі сіздің көңіл-күйіңізді көтере түспек. Ал сыртқы ортамен байланысты сәл үзе тұрыңыз, ауа -райының салдарынан ауырып қалуыңыз мүмкін.

Балықтар

Балықтар үшін тынымсыз күн, әсіресе, отбасылы балықтар үшін. Ал бойдақтар үй шаруасынан да қашып құтыла алмайсыз. Бүгін кей ренжіскен адамдарыңызбен достасып, оның бәрін ретке келтіруге тырысыңыз. Ата-анаңызбен қарым-қатынасыңызға да қылау түскелі тұр. Ең бастысы, олардың келісімінсіз ешқандай шешім қабылдамаңыз, шалыс қадам жағдайды ушықтыруы мүмкін. Ал ғашықтар үшін сәтті кезең, нағыз романтикалық кештер осы күннің еншісінде.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер