BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

27 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Фото: Tv.ua

Бүгін жұлдыздар не дейді?

Тоқты

«Бір қиындықтың артынан екі жақсылық күт» демекші кез-келген қиындыққа шыдап бағыңыз. Ісіңіз алдағы уақытта алға басуы мүмкін. Сондықтан бәріне түсіністікпен қарағаныңыз абзал. Кейбір адамдармен тіл табысу, түсінісу қиындау болуы мүмкін. Бірақ бәрі өткінші…

Торпақ

Күннің басы қауырт тірліктермен басталғанымен, ортасына қарай барлығы реттеледі. Қала аралап, қыдырып қайтуыңызға да болады. Немесе кинотеатрға барып, уақытыңызды қызықты етіп өткізуге болады.

Егіздер

Достарыңыз тарапынан қолдау көріп, беделіңіз өсуі мүмкін. Ол үшін тек еңбектенуіңіз керек. Барлық нәрсе өзіңізге байланысты. Қиындықтың барлығын тек қана еңбек жеңетінін біліңіз. Сол үшін тек қана жұмыс істеуді/ білімге аса көп көңіл бөлуді бірінші орынға қойыңыз.

Шаян

Еңбегіңізді бəрі бағалады екен деп тым еркінсіп кетпеңіз. Барыңызды салсаңыз, жеңіп шығасыз барлығын. Бірақ арасында денсаулығыңызға да көңіл бөлуге тырысыңыз. Әйтпесе, денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін.

Арыстан

Сізді қолбала қылып жұмсағысы келетіндер де табылады, өзіңізді əлсіз қылып көрсетпеңіз! Кейбіреулердің сондай пасық қылығына күйінбеңіз. Өзінен өзі бәрі қалыпқа келеді, тек аздап сабыр сақтап күтсеңіз болды.

Бикеш

Достарыңыздың сізді қолқалап ортаға қосқысы келіп жүргеніне біраз уақыт болды. Бірақ үнемі бас тартып жүре бермей, арасында бас қосуға баруға тырысыңыз. Әйтпесе олардың арасында қадіріңіз қалмауы да мүмкін.

Таразы

Таразы белгісіндегілер үшін бүгінгі күн үлкен жаңалықтарға толы болмақ. Сізге жақындарыңыздан естіген жылы сөздер қуат беріп келеді. Үнемі осындай жылылықты сезініп жүру үшін оларға қамқорлық танытудан шаршамаңыз.

Сарышаян

Өзіңіздің денсаулығыңызға, тамақтануыңызға көп көңіл бөліңіз. Жұртқа сене бермей, жаңа таныстықтан қашпаңыз, мүмкін ол адам болашағыңыз болар. Достарыңызбен ойнап сөйлесуден сақ болыңыз, əзіліңіз ұнамай қалуы мүмкін.

Мерген

Қым-қуыт тірлікте жан жарыңыздың көңіліне қарауды ұмыт қалдырып жүргеніңізді ескеріңіз. Араларыңыз суып кетпеуіне де көңіл бөліңіз. Оның айтқанын орындауға уақыт табыңыз. Сонда ғана тату-тәтті, бақытты ғұмыр кешесіз.

Тауешкі

Өзіңізге қолайлы жағдай туғызу үшін, армандарыңызға қол жеткізу үшін аянбай еңбектенуіңіз керек. Әсіресе қаржы мәселесіне келгенде, ұқыптылықпен қарағаныңыз жөн. Өзіңіздің маңдай теріңізбен тапқан қаржыңызды өзіңіз басқаруға тырысыңыз.

Суқұйғыш

Достарыңызға ұсыныстар айтуға қысылмаңыз. Тек достарыңызға күйе жағып алудан аулақ болыңыз. Сүйіктіңіздің алдында өзіңізді жақсы жағынан көрсетіңіз,əр сөзіңізді байыппен ,ойланып айтыңыз.

Балықтар

Балық белігісінде туғандарды бүгін керемет кеш күтіп тұр.Соның арқасында көптен көрмеген ескі танысыңызды кезіктіріп, айтылмаған əңгімелерді айтып, бір жеңілденіп қаласыз. Бұрынғы өшкен сезімдеріңізді қайта тұтату қаупі бар..

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер