BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

26 қазанға жұлдыз-жорамал

Baq.kz 26 қазанға арналған жұлдыз-жорамалды назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Бүгін кешке дейін ерекше белсенділігіңіз өзіңізге кедергі жасайды. Қателіктер жіберіп, жылдам ашулануға бейім келесіз. Алайда, кешке бар қиындығыңызды шешіп, сауда жасайсыз. Келесі күнге жаңа жоспарлар құрасыз. Ал жұма күні жаңа іс бастайсыз. Түнде өзіңізді жайсыз сезінесіз. Бір нәрсені қажетсінгендей боласыз. Мұнымен қатар, жақындарыңыз сізді бағалайтын болады.

Торпақ

Күннің алғашқы бөлігінде қаржы мәселесінде жолыңыз болады. Күтпеген жерден қосымша табыс көзі табылуы ғажап емес. Кешке жеке өміріңізге қатысты мәселелерді таразыға саласыз. Мұнымен қатар, махаббат сезімінің шарайна секілді нәзік екенін ұмытпағаныңыз жөн.

Егіздер

Жыл бойы жүзеге асыруды армандаған жоспарларыңызға дәл осы күн ішінде жан бітіресіз. Оқуға/жұмысқа байланысты басқа қалаға шығуды жоспарлап жүрген болсаңыз, бүгін тиімді пайдалануыңызға болады. Кешке оқыс қимылдардан сақтаныңыз. Бұл уақытты спорт пен үй шаруасына арнаңыз.

Шаян

Кенеттен өзіңіз үшін ұтымды ұсыныстар естисіз. Бүгін қаржы мәселесіне қатысты қиындықтарды шешесіз. Кейбір естіген қиқу сөздер өзіңізді жағымсыз сезінуге әсер етуі мүмкін. Барлық жаңалықтан хабардар болсаңыз да, демалуды ұмытпаңыз. Бүгін алыс жолға шықпағаныңыз жөн.

Арыстан

Бүгін әбден жолыңыз болады десек, қателеспейміз. Дәл қазір – керек-жарағыңызды сатып алу үшін таптырмас уақыт. Бүгін ерекше оқиға болады. Ол оқиға серігіңізбен тікелей байланысты. Кешіңізді көңілді отырыста өткізуге арнағаныңыз жөн.

Бикеш

Алдыңыздан көп мүмкіндіктің есігі ашылса да, көп адам сізді өз мақсатына пайдалануға тырысады. Сол себепті алданып қалмаңыз. Кешке дейін барлық мәселенің шешімін табуға тырысыңыз. Әйтпесе, жағдайыңыз қиындайды. Ал түнді сүйіктіңізбен арадағы кикілжіңді шешуге арнаңыз.

Таразы

Күннің алғашқы бөлігінде өзіңізбен мақсаттас емес жандарды өз сөзіңізге сендіріп әуре болмаңыз. Барлық ойластырғаныңызды тек өзіңіз ғана жүзеге асырасыз. Ережелерді қатаң сақтаңыз. Жұрттың жағымсыз пікіріне назар аудармаңыз, олар тек сізді көре алмағандықтан əртүрлі өсек айтады. Ал кеш сізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Сарышаян

Жақындарыңыздың қолдауына ие бола алмасаңыз да, күннің алғашқы бөлігінде отбасыңызға қатысты мәселелерді реттеуге тырысыңыз. Ары қарай күтпеген өзгерістер болады. Кешке өзіңізді əдемі қылып, достарыңыздың алдында өзіңізді басқа қырынан көрсетесіз.

Мерген

Бүгін жаңа таныстар тауып, жақсы жаңалықтар естисіз. Күннің екінші бөлігінде белсенділігіңіз ерекше артады. Алайда оның тізгінін уысыңыздан шығарып алмаңыз. Кешкі отырысты сізге жоспарлауға міндеттіледі. Шулы жер таңдап, кейін күліп еске алатын кеш өткізесіз!

Тауешкі

Бүгін оқыс оқиғалар болып, жылдам шешім табуыңызға тура келеді. Үлкен ортаға тап болып, жаңа достарға ие боласыз. Ал кешке жұлдыздар табыстың кілтін ұсынады. Алайда дұрыс демала алмайсыз. Жақындарыңызбен тіл табыса алмай қиналасыз. Десе де, барынша сөз таластырмауға тырысқаныңыз жөн.

Суқұйғыш

Бүгін өмір сүруге кедергі жасап жүрген ойлардан арыласыз. Алдыңызға қойған мақсаттарыңыз өзгереді. Қандай жағдай болмасын, өзіңізге жақын адамдармен тығыз қарым-қатынаста болғаныңыз жөн. Кешке берілген жаңа мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз. Кешке тосын сый күтіңіз.

Балықтар

Балықтар сырт көзге өте аңқау, өте жұмсақ адам боп көрінгенімен, кез келген ортаны астыртын билеп алғысы келеді. Бүгін ешкімге кеңес не пікірін айтпаңыз, өйткені таза шындықты есітіп,кей адамның көңілі түсіп қалуы мүмкін. Балықтар тек өзінің қамын ойлағанымен, бүгін ол достарына сөзбен де іспен де үлкен көмек береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер