BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

10 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін жұлдыздар не дейді?

Тоқты

Еңбегіңізді бəрі бағалады екен деп тым еркінсіп кетпеңіз.Барыңызды салсаңыз, жеңіп шығасыз барлығын. Бірақ арасында денсаулығыңызға да көңіл бөлуге тырысыңыз.

Торпақ

Бүгінгі күн сізге оңай болмайды. Ойыңызды жүзеге асыру үшін сабырлық сақтаңыз. Ал күннің екінші жартысында сізді тосын сый күтіп тұр. Ол сізге тек ұнап қана қоймай, бүкіл проблемаларыңыздың шешімі болмақ.

Егіздер

Өткен күннің елесімен емес, бүгінмен, болашақпен өмір сүру керек екенін естен шығармаңыз. Болашаққа жоспар жасаңыз, жаңа мақсаттарға қарай қадам басыңыз.

Шаян

Айналаңыздағылармен тіл табыса алмай, қатты қиналасыз. Жақындарыңызбен ренжісіп, олардың тарапынан көп сын естисіз. Сізге тиесілі сыбағаны басқалары алып қояды. Сіздің көңіліңізге жағу қиынға соғады.

Арыстан

Бүгінгі күн көп шаршатуы мүмкін. Достарыңызбен көп сөзге келмей, сабырлылық таныта біліңіз. Сонда ғана сіздің достар арасында беделіңіз өседі. Бүгін көңілді кештерге шақырған көп ұсыныс түседі.

Бикеш

Кездесулерді келесі күнге жоспарлағаныңыз дұрыс болар. Өйткені бұл күні өткеннен аяқсыз қалған істі біржақты ету міндеті тұр. Жаңа істі қолға алмастан бұрын, әлдеқашан басталып қойғандарын тындырып тастағаныңыз жөн.

Таразы

Бүгін өзіңізге сүйкімді адамдарды кездестіретін күн. Ұйықтағанда жымиған қалпыңызбен жатасыз, себебі күнді керемет өткізесіз!

Сарышаян

Бүгін сіз өзіңіздің басқа елге барып демалу керектігіңізді сезінесіз. Досыңызбен сырласып, мазалап жүрген сұрақтарыңызды талқылап алыңыз. Уайымдамаңыз, ойлаған нəрсеңіз көп кешікпей іске асады.

Мерген

Белсенді болуға тырысыңыз. Міндетті түрде жолыңыз болады. Бүгін болашағыңыздың жарқын болуына әсер ететін тұлғалармен танысасыз. Қай жерде болмасын сөз таластырудан аулақ болыңыз.

Тауешкі

Бүгін тағдырдың тамаша сыйы аз болмасы анық. Күтпеген жерден жақсы ұсыныстар түсуі ғажап емес. Кешке жалғыз қалып, жеткен жетістіктеріңіз жайлы жақсылап ойлануыңыз сізге күш-жігер сыйлары сөзсіз.

Суқұйғыш

Күні бойы талмай еңбек етіп, шаршап - шалдыққан суқұйғыштар бейнетінің зейнетін көріп, кешкісін жақсы болып бір тынығасыз. Оны туған-туыстарыңыз да қостайды. Суқұйғыштар жауапкершіліктен қашпайды. Асып, таспайды. Бірақ бүгін сараңдығы ұстап қалуы мүмкін.

Балықтар

Олардың өмірі қызыққа толы. Иә, рас айтамыз жүрген жерлерінде тек күлкі менен мейірімділік қатар жүреді.Айналасындағы адамдардың бәріне сондай сүйкімді болып көрінеді. Ұнамды қылықтары өте көп.Осы жолыңыздан таймаңыз.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер