BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жұмбақ жандар

Астана. 21 қараша. Baq.kz - Түрлі саяси оқиғаларды құпия жағдайда қалдыру, олигархиялық, элиталық топтар туралы негізсіз долбар, әркелкі құпия ұйымдардың пайда болуы мен барлау қызметі туралы адам сенгісіз әңгімелер осы ғылымның негізін қалайды.  

Интернетті тағы бір ақтардық. Іздедік. Тапқанымыз мынау: «Конспирология» дегеніміз бір процесс не құбылыстар жиынтығын әлемдік сыбайластық теориясы бойынша түсіндіретін гипотезалар құрамы, яғни шағын адамдар тобының әлемдік маңызы бар оқиғалар мен тарихи құбылыстарды саналы түрде басқаруы және бағыттап отыруы туралы ілім».
Түрлі саяси оқиғаларды құпия жағдайда қалдыру, олигархиялық, элиталық топтар туралы негізсіз долбар, әркелкі құпия ұйымдардың пайда болуы мен барлау қызметі туралы адам сенгісіз әңгімелер осы ғылымның негізін қалайды.

Конспирологтар арамызда жасырын түрде өмір сүреді. Тіпті адам айтса сенгісіз. Адамзат тарихында арғы тегі бөгдепланеталық деп айтылатын белгілі тұлғалар да өмір сүрген. Солардың бірнешеуі туралы айталық:

Леонардо да Винчи

Ол тарихта тамаша суретші ғана емес, белгілі өнертапқыш, оқымысты, зерттеуші ретінде де қалған. Ол кезінде анатомияны ақтарып, күрделі техникалық құрылғылардың жобасын жасаған. Танк, суасты кемесі, ұшатын аппарат, парашют сызбаларымен де шұғылданған. Өз өнертабыстарын күнделігіне, қағазға түсірген. Алайда бұл құпияның бәрі арада ұзақ жыл өткен соң, ұлы адам өлгеннен кейін ғана белгілі болған. Жазулары бел сызбаларының құпия болғаны соншалықты, зерттеушілер біраз әбігерге түскен. Оларды айнаға қарама-қарсы қою арқылы әрең түсінген.

Владимир Ульянов – Ленин

Володя Ульяновты бала кезінде бөгде планетадан келгендер ұрлап кеткен көрінеді. Бұл туралы өз кітабында белгілі көсемсөзші Игорь Бунич жазған.

1873 жылы 14 тамызда құлшылық ету күні көкте шар секілді жарық шашқан нысан байқалады. ҰБТ қаладағы шіркеу маңында екі сағаттан астам уақыт ұшып жүрген. Осының салдарынан болар ауыл шетінде жайылып жүрген мал түгел қырылып қалған.

Осы күні Ульяновтар отбасындағы үш жасар Володя 7 жастағы ағасы Сашамен бірге аулада ойнап жүреді. Дәл осы кезде балақай ұшты-күйлі жоғалады.

Володияның ата-анасы полицияға шағымданып, бірақ одан еш нәтиже болмайды. Арада екі апта өткенде баланы шөптен келе жатқан шаруалар жол жағасынан тауып алады. Ол есі ауып қалған секілді, ешнәрсеге мән бермейді. Тіпті алғашқыда өз ата-анасын да танымайды. «75 жылдан соң Израиль мемлекеті пайда болады» деген сөзді айтқан соң ғана, анасының есімін атап жылай бастапты.

Ленин өмірінің соңына дейін ғылыми еңбектер жазды. Ой еңбегімен айналысқан. Ол өлген соң зерттеулер жүргізген мамандар миының қаншалықты жетілгеніне көз жеткізеді.

Адольф Гитлер

Ол әр істің басын бір шалғанмен, сөйлеуге келгенде адамдарды өзіне үйіріп алатын қасиетімен ерекшеленеді. Оның бойындағы гипноздық ерекшелік жұртты қайран қалдырды. Ол концлагерьде адамдарға медициналық, психологиялық сынақтар жүргізгені белгілі. Кейде өзі де сынақтарға қатысып тұрған. Ол адамдардың қаншалықты қиналғанын рахаттана тұрып тамашалаған.

Гитлердің кезінде Германияда «ұшатын табақша» кейпіндегі ғарыш қаруын жасау қолға алынған. Өлімнен қашқан фюрер өзін-өзі өлтірмеген, Антарктидада жасырынып жүргені туралы деректер бар. Оның өз мақсатына жету жолына бөгде планеталықтар көмектескен болар деген әңгіме бар.

Элвис Пресли

Әйгілі әншінің жанкүйерлері оның өлгеніне әлі күнге сенбейді екен. «Ол өзге планетадан келген, сол жаққа қайта ұшып кетті» деген пікірде. Бір британдық азамат Преслидің басқа планетадан келген адам екендігін дәлелдеп докторлық еңбек те жазыпты. 80-жылдардың соңында поп-жұлдыздың жерге екінші мәрте оралуын күткен секталардың шеруі де өткен.

Ника Турбина

Жас ақын 10 жасында «Алтын арыстан» деп аталатын халықаралық сыйлық алған.Никаға өлең түнде ғана келген. Өзінің айтуынша өлеңді Құдайдың өзі оқиды. Ол соны қағазға түсіреді. Бала кезінен танылған ақын да жер бетінің қонағы ретінде есептелген. Мұндай мысал жеткілікті. Алайда «ғылым қанша дамыды» дегенмен, қиялға сыймайтын, қисынға келе бермейтін әңгімелер жиі ауызға алынады. Бәлкім конспирологияны әлі де тереңірек түсіне алмай жүрміз бе? 

Дуанабай Жолдасбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер