Жапондар аудармашы көзілдірік жасап шықты - Өркениет|03 Қазан 2013, 11:00
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жапондар аудармашы көзілдірік жасап шықты

 Астана. 3 қазан. Baq.kz - Жапон ғалымдары оқылуы қиын жапон тіліндегі сөздерді басқа тілге аударатын көзілдірік ойлап тапты, деп хабарлайды Түркияның телерадио агенттігі.

 Кішкентай камерасы бар көзілдірік түсініксіз сөздерді сіз білетін басқа тілге аударып береді. Яғни, камера мәтінді оқып, оны аударып сөзді экранға шығарады. Көзілдірік жапон тілін кәріс, қытай, ағылшын тілдеріне аудара алады. Тіпті өзара аударма жасайды. Көзілдірік сонымен қатар, адамдарды да ажырата алады.
Оны жасаушылар аударма тілдерінің санын көбейтуді ұсынуда. Аудармашы көзілдірікті 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада кезінде келетін қонақтарға арнап нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер