Жаңа Ұлттық музейде мультимедиялық гид жұмыс істейді - Өркениет|04 Шілде 2014, 14:47
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жаңа Ұлттық музейде мультимедиялық гид жұмыс істейді

Астана. 4 шілде. Baq.kz – Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Ілкімді де сенімді жол көрсетуші – үш тілді мультимедиялық гид келушіні музейдің бүкіл залын бастан аяқ аралатып шығады, бұл өткенімізге ынта қоюшы адам экскурсия бағытын қалауына, көңіл-күйіне уақытына қарай өзі жобалап құрады деген сөз. Сонымен қатар, еліміздің қазіргі замандағы тарихы экспозициясында пайдаланылған, Азияда теңдесі жоқ, көлемі 35,9×20,6 метрлік иілген экран қай жағынан да ұтымды құрал десе лайық. Бұл экран келушілерге жерінің үлкендігі жағынан әлемде тоғызыншы орынды иеленетін Қазақстанның ғажайып көркем табиғатын паш етеді. Астана залында өзіне назар аударататын нәрсе – Астананың серпінді бірегей макеті мен медиа-еден, бұл екеуі жойқын дөңес экранмен тұтаса келіп қызықты шоу құрайды, - деді Ұлттық музей директоры.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
Суретті түсірген – Азат ЕСЕМБЕКОВ

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер