Жаңа iPhone өндірісі келесі айдан басталады - Өркениет|24 Маусым 2014, 10:00
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жаңа iPhone өндірісі келесі айдан басталады

Астана. 24 маусым. Baq.kz – Apple компаниясының жабдықтаушылары iphone 6 смартфондарының өндірісін келесі айдан бастап Қытайда бастайды. Бұл жайында Bloomberg агенттігі хабарлап отыр. 

Ал, Reuters-тің хабарлауынша, смартфондарды шығарумен екі компания араласпақ. Олар: Hon Hai Precision Industry және Pegatron. Алғашқысы барлық өнімнің 70 пайызын, екіншісі 30 пайызын өндіреді.
Кейбір мәліметтерге сенсек, жаңа iPhone екі түрлі пішінде шығады. Бірінің экраны 4,7, екіншісінің 5,5 дюйм. Оның тұсаукесері шамамен үш айдан кейін өткізіледі. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер