BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«www.soyle.kz» интернет-порталының ашылу рәсімі өтеді

Астана. 18 желтоқсан. Baq.kz - 19 желтоқсан күні Елордамызда мемлекеттік тілді тегін үйренетін «www.soyle.kz» Интернет-порталының ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Аталған жобаны Мемлекеттік тілді дамыту Қоры «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған міндеттерді орындау мақсатында «Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры» мен «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Компаниясының қолдауымен жүзеге асырды.

Іс-шараға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Қорының» атқарушы директоры Сағындық Нұраханов, «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Компаниясының президенті Сын Сик Чой, Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Айман Алдаш және «Мемлекеттік тілді дамыту» Қорының директоры Азат Шәуеев қатысады.

 

Дуанабай Жолдасбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер